Previous Page  83 / 168 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 83 / 168 Next Page
Page Background

83

Тарауих намазы

«Тарауих» сөзі араб тіліндегі «таруиха» сөзінің

көпше түрі. Бұл сөздің мағынасы «тынығу, үзіліс беру»

дегенді білдіреді. Тарауих намазын оқығанда әр төрт

рәкаттан соң үзіліс беріп, дем алатын болғандықтан

«тарауих» намазы деп аталған.

Тарауих намазы – мүбәрак Рамазан айының негізгі

ғибадаттарының бірі. Пайғамбарымыз

(саллаллаһу аләйһи уә

сәлләм)

:

مَنْ قَامَ رَمَضَان إِيمَانًا وَ احْتِسَابًا غُفِرَ لَهُ مَا تَقَدّمَ مِنْ ذَنْبه

«

Кім

рамазан айында (тарауих) намазын иманмен, сау-

абын Аллаһтан күтіп оқыса, оның өткен күнәлары

кешіріледі

»

89

, – деген. Тағы бір хадисінде Расулаллаһ

(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)

: «

Аллаһ рамазан айында ораза

ұстауды парыз қылды. Мен сендерге рамазанның

кештерінде намаз оқуды (тарауих намазын) сүннет

еттім. Кімде-кім рамазан айында Аллаһ тағалаға

шын көңілмен иман еткен күйде қарымын тек Аллаһ

тағаладан ғана күтіп, ораза ұстап, (тарауих) на-

мазын оқыса, анасынан жаңа туылғандай күнәлары

кешіріледі

»

90

, – деген.

Тарауих намазының үкімі

Әбу Ханифа мәзһабында тарауих намазы – сүннет

мүәккада (бекітілген сүннет). Тарауих намазы рамазан

айының сүннеті болғандықтан, ораза ұстасын немесе

89

Бұхари, Саләтут-тарауих, 1

90

Нәсаи, Сиам, 40