Previous Page  79 / 168 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 79 / 168 Next Page
Page Background

79

Ораза

Ғайбат айтып, біреуді өсектеген соң оразам

бұзылды ғой деп ойлап, аузын ашса, қаза әрі кәффарат

өтеуі міндет болады. Негізінде, ғайбат жасау оразаны

бұзбайды, тек сауабын кемітеді. Ғайбаттың оразаны

бұзбайтындығы жайлы мұсылман ғалымдар бір ауыз-

дан келіскен. Егер діндар біреу қателесіп пәтуа беріп,

соның көзқарасына сеніп тамақ жесе, кәффарат емес

қаза ғана өтеледі. Себебі мәлімет дұрыс жетпеді.

Жыныстық қатынаста болу. Аузы берік екенін біле

тұра жыныстық қатынас жасаған еркек пен әйел сол

күннің қазасы мен кәффарат оразасын ұстайды. Мәни

келсе де, келмесе де бәрібір. Оған рамазан айында

әйелімен жыныстық қатынас жасап қойған бір бәдәуиге

кәффарат қажет екендігіне жоғарыда айтылған ха-

дис дәлел. Кәффаратын өтегенде, екі ай бойы үзбей

ораза ұстайды. Егер оған да шамасы жетпесе, алпыс

кедейді тамақтандыруы керек

83

. Осыған дәлел ретінде

Пайғамбарымыздың

(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)

مَنْ أَفْطَرَ فِي رَمَضَانَ فَعَلَيْهِ مَا عَلَى الْمُظَاهِر

«

Рамазан айында күндіз оразасын бұзған адам

зиһар

84

жасаған секілді кәффарат өтеуі қажет»

– де-

ген хадисі де келтіріледі.

Егер күйеуі әйелін зорлап, әйелімен жыныстық

қатынас жасаса, әйел сол күннің қазасын ғана өтейді.

Ал күйеуі әрі қаза әрі кәффарат өтейді.

83

Бұл хадис Әбу Хұрайрадан көпшілік жамағат тарапынан

риуаят етілген. Насбур-райә, 2-т., 253-б.

84

Күйеуі әйелін қаламай, «сен менің анамдайсың» немесе

қандай да бір ағзасын анасына теңеп әйелін өзіне харам етуге

айтылады.