Previous Page  77 / 168 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 77 / 168 Next Page
Page Background

77

Ораза

жағдайлары бұл үкімнен тыс. Өйткені мұндай жағдай

әйелдің еркінен тыс жайт. Сол секілді араға құрбан айт

секілді діни мейрамдар себебінен ауыз ашуға тура келсе,

каффаратты ары қарай тоқтаған жерден жалғастыруға

болады, бұл күндер каффаратқа кедергі келтірмейді.

Бір немесе бірнеше мәрте рамазан айында

себепсізден-себепсіз оразасын бұзған кісі бір ғана

кәффарат өтейді. Бірақ кәффаратын өтеген соң қайтадан

біле тұра оразасын бұзса, тағы да кәффарат өтеуі қажет.

Өйткені ол алдыңғы кәффараттан сабақ алмаған боп

есептеледі.

Кәффаратқа қатысты ескерілетін

мән-жайлар

Кәффарат оразасы мойнына парыз болған кісі екі

ай бойы үзбей ұстауы қажет.

Рамазан айында сапарға шыққан кісінің оразасын

кейінге шегеруге рұқсат берілгенімен, кәффарат ораза-

сын ұстаушылар сапарға қарамастан оразаның арасын

үзбей ұстау қажет.

Хайыз бен нифас күйіндегі әйелдің кәффараты

бұзылмайды. Қан көруі тоқтағаннан кейін қалған

күнінен ары қарай жалғастыра береді.

Негізінде кәффарат ұсталмаған оразаның емес,

бұзған оразаның жазасы. Оразаның кезінде ораза

ұстауды ниет етпеген кісі ұстамаған оразаларының

кәффаратын емес, қазасын ғана ұстайды. Бірақ

себепсізден-себепсіз ораза ұстамау күнә. Сондықтан

ондай кісілер тәубе етулері қажет.