78
Ораза – теңдессіз құлшылық
Ораза бұзылғанда әрі қаза, әрі
кәффарат қажет болатын жағдайлар
Рамазан айында себепсізден-себепсіз біле тұра
ішіп-жесе немесе жыныстық қатынас жасаса әрі сол
күннің қазасын, әрі кәффаратын өтеу қажет. Али (р.а.):
«Кәффарат тек қана ішіп-жеу мен жыныстық қатынас
нәтижесінде болады», – деген.
Асқазанға қорек болатын нәрселерді ішіп-жеу яки
дәрі-дәрмек қолдану;
Аузына түскен жаңбыр, бұршақ және қар суын біле
тұра жұту;
Тістің арасында қалып қойған ноқаттан кішкентай
нәрсені, ауыздан шығарып қайта жеген жағдайда ораза
бұзылады, қазасын өтейді бірақ кәффарат қажет емес.
Тістің арасында қалып кеткен сусам (кунжут) немесе
бидай секілді көлемі кішкентай нәрсені жұту оразаны
бұзбайды. Алайда шайналып, дәмі тамаққа сезілмей
кетсе де оразаға зияны жоқ. Бірақ тістің арасында
қалмаған, сырттан қабылдап жұтқан жағдайда ораза
бұзылып әрі қаза, әрі кәффарат қажет етеді. Жалпы бұл
жайлы Хазірет Али риуаят еткен мынадай хадис бар: َ
الْفِطْرُ مِمّا دَخَلَ، وَ لَيْسَ مِمّا خَرَج
«
Ораза кіргеннен ғана бұзылады, шыққаннан
емес
»
82
. Яғни әдейілеп ішіп-жеуден бұзылған ораза
үшін кәффарат әрі қаза қажет болады.
Темекі, анаша, апиын секілді адамды ақылынан
адастыратын нәрселерді пайдалану;
Жұбайының немесе сүйіктісінің сілекейін жұту;
82
Насбур-райә, 2/253