81
Ораза
Бұл жайлы Құран кәрімде: ٍ
عَلَى الَذِينَ يُطِيقُونَهُ فِدْيَةٌ طَعَامُ مِسْكِين
«
Ораза ұстауға шамасы келмегендер бір кедейді
тойдыратындай мөлшерде фидия берулері қажет
»
85
деп бекітілген. Ибн Аббас (р.а.) бұл аяттағы шама-
сы келмегендерді: «Қартайған ата мен әжелер ораза
тұтуға шамалары жетпесе, оразаның әр күнінен кедейді
тамақтандырады» деп түсіндірген. Фидияны оразаның
алғашқы күндері немесе соңғы күндері беруге болады.
Зекет кімге берілсе, фидия да соларға беріледі. Ал
егер фидия беретін адам өзі өте кедей болып, басқаларға
фидия беретін жағдайы болмаса, оған фидия беру уәжіп
емес. Өйткені ислам діні, шамасы жетпейтін адамға
ауыр міндетті жүктемейді. Бұл жайында Құран кәрімде:
الَ يُكَلِّفُ اللَُ نَفْساً إِالَ وُسْعَهَا
«
Аллаһ тағала ешкімге шамасынан тыс міндет
жүктемейді
»
86
деген.
Қазасын өтей алмай дүниеден өткен
адамның үкімі?
Қарыз оразасы бар адам қарызын өтей алмай
дүниеден өткен болса, мұндай жағдай екі тұрғыда
қарастырылған:
1. Ауру, науқас, жолаушылық, денсаулығы бол-
мау секілді себептермен ораза қазасын өтей алмай
дүниден өтіп кетуі. Ғалымдардың көзқарасы бойын-
ша, мұндай жағдайдағы адамдарға еш нәрсе қажет
емес. Өйткені ол адам дүниеден өткенше ораза ұстауға
ешқандай мүмкіншілігі болмады. Сондықтан шамасы
жетпесе қажылық парыз болмайтыны секілді бұл ора-
85
«Бақара» сүресі, 184-аят.
86
«Бақара» сүресі, 286-аят.