80
Ораза – теңдессіз құлшылық
Қорытындылай келгенде, өз қалауымен біле тұра
ішіп-жеу мен жыныстық қатынас жасаудың тысын-
да ораза бұзылған жағдайда тек қана қаза қажет.
Ал әдейілеп ішіп-жесе, жыныстық қатынаста болса
оразаның қазасы мен алпыс күндік кәффарат өтеулері
міндет.
Кәффараттың үкімін
өзгертетін жағдайлар
Біле тұра оразаны бұзғаннан кейін сол күні хайыз
бен нифас әрі ораза ұстамауға рұқсат етілген қандай да
бір сырқау орын алса, кәффараттың үкімі өзгеріп, тек
қана оразаның қазасы өтеледі.
Егер бір кісі оразасын бұзса кәффарат өтейді. Ал
егер оразасын бұзғаннан кейін, мейлі өз еркімен немесе
біреудің қыспақтауымен сапарға шықса да, кәффарат
өтеу үкімі өзгермейді. Сол секілді оразаны бұзғаннан
кейін, өз-өзін әдейілеп науқас қылса да, кәффаратын
өтейді. Өйткені сапарға шығу, науқас болу секілді
жағдайларда ораза тұтпауға рұқсат берілгенмен, бұл
себептер ораза тұтушының әдейілеп істеуінен туындап
тұр.
Фидия
Жазылмайтын кеселі бар яки қартайғандықтан ора-
за ұстауға мүмкіндігі жоқ адамдардың ұстауы қажет
әрбір күннің орнына күніне таңертең-кешке бір кедейді
тамақтандыруына фидия делінеді. Ораза ұстауға ша-
масы келмегендер фидия төлеу арқылы оразаның
міндетінен құтылады, ақыретте сұралмайды. Әрі бұл
қоғамдағы өзара көмектесуді қамтамасыз ететін, ке-
дейлерге көмектесетін маңызды шара болып табылады.