86
Ораза – теңдессіз құлшылық
санды таңдауы кездейсоқтық емес, керісінше, олардың
бұл мәселеге байланысты Пайғамбарымыздың
(саллаллаһу
аләйһи уә сәлләм)
берген қандай да бір үкімінен шығарған
тұжырымдары. Тарауих намазы Омардың (р.а.) зама-
нынан бастап, жамағатпен жиырма рәкат етіп оқытыла
бастаған. Язид ибн Руман бұл жайында: «Омардың (р.а.)
заманында мұсылмандар тарауихты (үтірді қосқанда)
жиырма үш рәкат етіп оқитын» – деген. Абдуррахман
ибн Абдилқари болса: «Омармен бірге рамазанның
бір түнінде мешітке бардым. Адамдар шашыраңқы
күйде еді. Біреуі жеке тұрып намаз оқып жатса, енді
біреулері басқаға ұйып жатыр. Мұны көріп Омар
(р.а.): «Жамағатты тегіс бір қаридың артына жинаған
дұрыс секілді», – деді де, Убәй ибн Кәғбті имам етіп,
жамағатты оған ұйытты. Сосын басқа бір түні Омар-
мен (р.а.) бірге тағы да мешітке бардым. Жамағат
тегіс бір қариға ұйып намаз оқып жатыр екен. Мұны
көрген Омар (р.а.): «
Бұл қандай керемет бидғат (яғни,
жаңалық)
!» – деп тамсанды»
93
, – деген. Мұнымен қатар
тарауихтың жиырма рәкат екендігі жайлы:
َرَوَاهُ الْبَيْهَقِيّ مِنْ حَدِيثِ ابْنِ عَبّاسٍ { أَنّ النّبِيّ صَلّى اللُّ عَلَيْهِ وَسَلّمَ كَانَ
يُصَلِّي فِي شَهْرِ رَمَضَانَ فِي غَيْرِ جَمَاعَةٍ عِشْرِينَ رَكْعَةً ، وَالْوِتْر
Имам Байһақи Ибн Аббастан былай деп риуаят
етеді: «Пайғамбарымыз
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
Ораза айын-
да жамағатсыз, жеке өзі жиырма рәкат оқып, соңынан
үтір намазын оқитын»
94
.
93
Сахихул-Бұхари, 2-том, 707-бет, Дәру Ибни Кәсир баспасы,
Бәйрут, 1987 ж. Сүнәнүл-Байһақил-кубра, 2-том, 493-бет,
Мәктабату Дарил-Баз, Мекке, 1994 ж.
94
Нәйлул-әутар, 3/53