82
Ораза – теңдессіз құлшылық
за да мүмкіншілігі болмағандықтан міндетті санал-
майды. Яғни науқас немесе жолаушы секілді қандай
да бір шариғи себеппен дүние салса, ұстай алмаған
оразасының қазасын өтемейді.
2. Ораза қазасы бар адам, ораза ұстауға мүмкіндігі
бола тұра қазасын өтеместен қайтыс болса, уәлиі
(туысқан қамқоршысы) ол үшін ораза тұта алмайды.
Яғни қайтыс болған адам үшін уәлиі ораза ұстауға
міндетті емес. Өйткені ораза денемен орындалатын
құлшылық. Ораза ұстауға міндетті адам тірі кезінде де
өлгеннен кейін де өзі үшін басқа біреу ораза ұстай ал-
майды. Ораза, намаз әрбірі жеке адамның өзіне парыз
болған құлшылық. Бір хадисте былай делінген:
الَ يُصَلِّي أَحَدٌ عَنْ أَحَدٍ، وَ الَ يَصُومُ أَحَدٌ عَنْ أَحَدٍ، وَ لَكِنْ يُطْعِمُ عَنْهُ
مَكَانَ كُلّ يَوْمٍ مُدّا مِنْ حِنْطَةٍ
«
Ешбір адам басқа бір адам үшін намаз оқи алмай-
ды, ораза тұта алмайды. Бірақ ол адам үшін кедейлер-
ге бір уыс тамақ бере алады
»
87
– делінген.
Ханафи ғалымдарының көзқарасы бойынша қайтыс
болған адам өтей алмаған оразасының әрбір күні үшін
фидия беруді бір туысына немесе баласына өсиет етіп
кеткен болса, онда ол өсиетін орындап, әрбір күні үшін
бір кедейге фидия беруі міндет болады. Бірақ міндетті
түрде өсиет етуі керек деген
88
. Өсиет етпеген болса,
міндет емес.
87
Насбур-райә, 2/463
88
Ислам фиқһ энциклопедиясы, 208-б.