Previous Page  85 / 168 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 85 / 168 Next Page
Page Background

85

Тарауих намазы

иғтикаф жасаған болатын. Рамазанның соңғы он

күнінде жамағатқа құптан намазы мен тарауих нама-

зын оқытқан. Бір күні жамағаттың көбейгенін байқап

құптан намазын оқытады да, бөлмесіне кіріп тарауих

намазын оқытуға шықпайды. Жамағат Аллаһ елшісінің

(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)

шығуын қалап ұйқыдан ояту үшін

жөтеліп дауыс бере бастайды. Пайғамбар

(саллаллаһу аләйһи уә

сәлләм)

таң намазының уақыты кіргенде ғана бөлмесінен

шығып, өзін күтіп отырғандарға: «Сендердің тарауих

намазын оқуды қалайтындарыңды білемін. Намазға

шықпауымның себебі: сендерге тарауихтың парыз

болып кетуінен қорыққаным. Егер парыз болса, оны

лайықты түрде орындауға шамаларың келмейді. Енді

үйлеріңе тараңдар. Парыз намаздарынан басқа ең абзал

намаз – үйде оқылған намаз»

92

, – деген.

Тарауих намазының рәкат саны

Көпшілік ғұламалардың айтуынша, тарауих

намазының рәкат саны он сәлеммен оқылатын жиырма

рәкаттық намаз. Тек Имам Малик мәзһабында жиырма

рәкат деген негізгі үкіммен қоса отыз алты рәкат де-

ген де көзқарас бар. Мәдина халқының осынша рәкат

оқығандығы малики мәзһабының дәлелі саналған.

Тарауихтың жиырма рәкат болуының дәлеліне ке-

лер болсақ, ол мынадай: Пайғамбарымыздың

(саллаллаһу

аләйһи уә сәлләм)

аузынан тарауихтың рәкат санының жиыр-

ма екенін яки басқа санды білдіретін ешбір сахих хадис

жоқ. Ендеше, бұл жерде сахабалардың іс жүзінде та-

рауих намазын қалай оқығандығы негізгі дәлел болуға

тиіс. Олай дейтініміз – барша сахабалардың іс жүзінде

тарауихтың рәкат мөлшеріне байланысты белгілі бір

92

Бұхари, Салә, 2; Мүслим Саләтул-мүсафир, 178