Previous Page  88 / 168 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 88 / 168 Next Page
Page Background

88

Ораза – теңдессіз құлшылық

ниет еткенде, тарауих намазына ниет етеді. Ал төрт

рәкаттан оқитын болса, бесін намазының алдындағы

төрт рәкат сүннет секілді оқылады. Жамағатпен

оқығанда, жамағат: «тарауих намазын оқуға ниет еттім,

имамға ұйыдым» деп ниет етіп имаммен оқиды. Имам

қырағатты, тәкбір мен сәлемді жария оқиды, әт-тахият

пен салауатты іштей оқиды. Ал жамағат қыраатты

қайталамайды, ал қалған дұға, тәсбихтардың барлығын

іштей оқиды.

Тарауих намазына байланысты

мәселелер

Тарауих намазын мешітте жамағатпен оқу абзал.

Бірақ үйде немесе басқа жерде жалғыз оқыса да бо-

лады. Алайда себепсіз үйде жамағатпен немесе жеке

оқылған намаздың сауабы мешітте жамағатпен оқылған

намаздың сауабына жетпейді. Мешіттің сауабы мол.

Имам тарауих намазын оқытқанда жамағатты

жалықтырмайтындай мөлшерде Құран аяттарын

оқығаны дұрыс. Екі рәкаттан оқытқанда, әр рәкатында

бірдей мөлшерде Құран оқығаны абзал. Тіпті әр

рәкатында он аяттан оқуы мұстахап. Осылайша

жалғастырса, рамазан айында Құранды толығымен

бітіріп шығады. Тарауих намазында Құранды бір мәрте

тамамдау сүннет. Кейбір ғалымдардың көзқарасына

салсақ, Құран хатымын оразаның жиырма жетісіне,

яғни қадір түніне сай келтіру мұстахап деген.

Тарауих намазын оқытатын имамның даусы

жағымды болумен қатар Құранды тәжуид ережесіне

сай дұрыс оқи алатын болғаны абзал.

Тарауих намазын екі рәкаттан бөліп жиырма рәкат

оқу ең абзалы. Төрт рәкаттан оқыса да болады, бірақ екі