76
Ораза – теңдессіз құлшылық
емес бір құлды немесе күңді азат етеді. Оған күші жет-
песе, екі ай арасын үзбей кәффарат оразасын ұстауы
қажет. Егер оған да шамасы келмесе алпыс пақырға
(таңертең-кешке) тамақ жегізу қажет. Бұндай реттілік
(1-құл азаты ету, 2- екі ай ораза ұстау, 3- алпыс пақырды
тамақтандыру) ханафи мен шафиғи мәзһабында қажетті
болып табылады. Ал малики мәзһабында реттілік шарт
емес, қалағанынан бастайды.
Қазіргі таңда құл азат ету жоқ болғандықтан екі ай
орза ұстау арқылы оразаның кәффаратын өтейді. Егер
бұған шамасы келмесе алпыс кедейді тамақтандырады.
Егер бұған да шамасы жетпесе кәффарат міндеті мой-
нынан түседі. Дін пендеге шамасы жетпейтін нәрсені
жүктемейді. Бұдан кейінгі ісі, Аллаһтан кешірім тілеп,
таспих, дұғаларын арттырады.
Кәффарат оразасын тамақ ішкізу арқылы өтеумен
қатар, сол тамақтың құнын ақшалай да беруге болады.
Ораза кәффаратында бір пақырға алпыс күн бойы
таңертең-кешке немесе жүз жиырма күн тек таңғы асын
немесе жүз жиырма күн тек кешкі тамағын берсе ораза
кәффараты өтелген болады. Бірақ бір күнде бір кедей-
ге алпыс адамның таңғы және кешкі асын немесе оның
құнын берер болса, алпыс күннен құтылған болмайды,
тек бір кедейдің бір күндік таңғы-кешкі асын бергенмен
тең саналады. Сол үшін әр күні бір пақырға өз үлесін
беру қажет. Ораза кәффаратын мінез-құлқы дұрыс
жандарға берген абзал. Бұл кәффаратты мұсылман емес
пақырларға беруге болмайды.
Ораза кәффаратын ұстаған кезде арасын үзбей
ұстау шарт. Сол себепті ораза ұстай бастаған кісі екі ай
толмай тұрып оразасын бұзып қойса, қайтадан бастап
екі ай ораза ұстауы қажет. Әйелдердің хайыз, нифас