71
Ораза
мейірімді»
73
– деген. Шариғат бойынша аштық пен
шөлдің зиянына толық көзі жеткенде оразаны бұзу–
уәжіп
74
. Мүмкіндігі болған мезетте дереу қазасын
өтейді, оған да мүмкіндігі болмаса фидия береді. Бірақ
«менің жұмысым ауыр» деп ораза тұтпауы да дұрыс
емес. Таң сәріде оразаға ниет етіп, сәресін ішіп ора-
засын бастайды. Өйткені Аллаһ тағала оған күш-қуат
беріп, оразасын толық ұстай алуы мүмкін.
Ал егер өз еркімен жұмыс істеп өз-өзін қинап,
денсаулығына қауіп төнетіндей жағдайға жеткізіп,
оразасын бұзса, әдейілеп өзін зорықтырып, оразаны
бұзғаны үшін кәффарат өтейді. Өйткені ол жұмысты
мәжбүрліктен немесе аса қажеттіліктен емес өз
қалауымен істеп, оразасын бұзып отыр
75
.
Фатауа Һиндияда Али ибн Ахмадтан: – «Рамазан
айында қандай да бір маман иесі, жұмыс істеп, жұмысы
себебінен науқастанатынына көзі жетсе және табыс
көзі осы жұмыс қана болса, оразасын бұзуына болады
ма? – деп сұрағанда ол: «жоқ, оразаны бұзуға болмай-
ды» яғни науқастанбайынша оразасын бұзуға рұқсат
жоқ деп жауап берген
76
.
Фиқһ ғалымдары «машақат болғанда, оразаны
бұзуға рұқсат па?» дегенде біреулері рұқсат берсе,
екінші біреулері рұқсат етпеуде
77
. Өйткені машақат,
73
«Ниса» сүресі, 29-аят.
74
Хамди Дөндірен, Делиллериле ислам илмихали; 1991,
Станбул; 446 б.
75
Абдулхамид Тахмаз, Фиқһул-ханафи фи сәубиһил-жәдидә,
Бейрут, 1998 ж. 440-б
76
Раддул Мұхтар 2/462
77
Дианет ишлер илмихали, Дианет ішлер басканлығы, Анкара
2006 ж 1/396б.