70
Ораза – теңдессіз құлшылық
Рамазан айында етеккірі келген әйел түнде етеккірі
тоқтаса: егер әйелдің ай сайынғы тұрақты етеккір
мерзімі он күн болса, он күннен кейін оразаға бастайды.
Бірақ он күннен аз уақытта етеккірі толық тоқтап, таң
намазына дейін жуынып-шайына алатындай уақыты
болса, сол күні оразаға бастауы керек. Ал егер етеккірі
тоқтағаннан кейін таң намазына дейін жуынып шайы-
натындай уақыты болмай, таң намазының уақыты кіріп
қойса, ол күні оразаға бастамайды.
Жанына қауіп төнген кісі
Егер жанына немесе бір ағзасына қауіп төнген
кісі әлдекімнің өзін өлтіріп кетуінен қорықса, ораза-
сын бұзуына рұқсат бар, бірақ кейін ол оразасының
қарызын өтеуі қажет.
Ауыр жұмыста істеу
Мұсылман
баласы
рамазан
айында
өзін
зорықтыратын ауыр жұмыстарды мейлінше азайтқаны
немесе кешкі уақытқа қалдырағаны дұрыс. Алай-
да жұмысты азайтуға немесе кешкі уақытта істеуге
мүмкіндігі болмаса, яғни жалақыға істегендіктен ақы
беруші жұмыс қарқынын бәсеңдетуге немесе басқа
уақытқа ауыстыруға келіспесе
71
, мұндай жағдайда
қарапайым жұмысшы қатты әлсіреп, зорығып, соның
салдарынан ден саулығынан айырылатындығына көзі
жетсе – оразасын бұзады
72
. Өйткені Аллаһ тағала: ً
وَ لاَ تَقْتُلُواْ أَنْفُسَكُمْ إِنّ اللَّ كَانَ بِكُمْ رَحِيما
«Өздеріңді өздерің
өлтірмеңдер. Шын мәнінде, Аллаһ сендерге тым
71
Жалғыз табыс көзі осы болса.
72
Абдулхамид Тахмаз, Фиқһул-ханафи фи сәубиһил-жәдидә,
Бейрут, 1998 ж. 441-б