Previous Page  65 / 168 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 65 / 168 Next Page
Page Background

65

Ораза

дер секілді нәрселерді ине арқылы қабылдау оразаны

бұзады, қазасын тұту міндет болады.

Оразаның парыздығы түсетін

жағдайлар

Құран кәрім мен хадистерде адамдарға қиындық

туғызатын ешқандай міндеттіліктің жоқ екені жиі

айтылған. Әрі қандай да бір қиындық пен ауыртпалық

туғанжағдайлардакейбіржеңілдіктерменрұқсаттардың

берілгенін көреміз. Осы жалпы қағидалардың арасында

кейбір жағдайларда ораза ұстамауға да рұқсат берілген.

Енді осыларға жеке-жеке тоқтала кетейік.

Жолаушылық

Жолаушылықтың өзіндік қиындық-машақаттары

болғандықтан, жолаушыларға көп жағдайларда

жеңілдік жасалған. Намаздарды қысқартып оқуға

рұқсат берілсе, орындалуы қиындау саналған ора-

за құлшылығын ұстамауға да рұқсат берілген. Бұл

жеңілдік туралы Құранда:

فَمَنْ شَهِدَ مِنْكُمُ الشّهْرَ فَلْيَصُمْهُ وَ مَنْ كَانَ مَرِيضًا أَوْ عَلَى سَفَرٍ فَعِدّةُ مِنْ

أَيّامٍ أُخَرَ

«

Сендерден кім рамазан айында болса, ораза

ұстасын. Ал біреу науқас не сапарда болса, басқа

күндерде санын толтырып, ораза тұтсын

»

64

– деген.

Сонымен қатар егер жолаушы қатты қиналмаса не-

месе зиян көрмейтін болса, ораза ұстағаны абзалырақ

саналады. Оған Құрандағы: ْ

أَنْ تَصُومُوا خَيْرٌ لَكُم

«

Ора-

64

«Бақара» сүресі, 185-аят.