Previous Page  63 / 168 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 63 / 168 Next Page
Page Background

63

Ораза

Күн қатты ыстық болған жағдайда жеңілдеу үшін

ауыз-мұрынға су алу немесе шомылу Әбу Ханифаның

көзқарасы бойынша мәкрүһ. Бірақ Әбу Юсуф мәкрүһ

еместігін айтқан. Өйткені ол ғибадат жасауды

жеңілдетеді деген.

Өзін тежеп ұстай алмайтын кісіге әйелін сүйіп, ай-

малауы – мәкрүһ. Ал өзіне сенімді болса, мәкрүһ емес.

Өздеріне сенсін-сенбесін жалаңаш күйде құшақтап,

аймаласу мәкрүһ саналады. Еріндерінен сүю де сон-

дай. Аузы берік адамның әйелін сүюдің мәкрүһ бо-

луына қатысты риуаят бойынша, бір жас жігіт келіп

Пайғамбарымыздан аузы берік кісінің әйелін сүюі

жайлы сұрағанда, Пайғамбарымыз

(саллаллаһу аләйһи уә

сәлләм)

рұқсат бермеген. Ал қартайған бір кісі келіп сол

сұрақты сұрағанда, оған рұқсат берген. Сол кезде әлгі

жас жігіт, таңдана: «Мына кісімен менің дінім бір емес

пе?!» – деп сұрағанда, Пайғамбарымыз

(саллаллаһу аләйһи уә

сәлләм)

: «

Иә, алайда егер адам өз нәпсісіне ие бола алса

»,

– деп нәпсісін тежей алатын қарт кісіге рұқсат берген.

Аузы берік адамның жүніп болып таң атыруы не-

месе күндіз ұйықтаған кезде ихтилам болуы оразаға

кедергі емес. Алайда мүмкіндігі бола тұрып түнде

ғұсыл құйынбау мәкрүһ.

Гүл, миск сияқты хош иістерді иіскеу, сүрме жағу,

мұртты майлау – мәкрүһ емес.

Дәрі қолдану, тіс жұлдыру

және ине егу

Ислам ғалымдары ішілетін дәрі-дәрмектер мен

сироптардың барлық түрі оразаны бұзатынына бір ау-

ыздан келіскен. Өйткені бұлар тікелей асқазанға түседі.