Previous Page  60 / 168 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 60 / 168 Next Page
Page Background

60

Ораза – теңдессіз құлшылық

Қазасы өтелетін оразалар

• Азық ретінде жеуге дағдыланбаған нәрселерді

ішіп-жеу. Мысалы, тас, топырақ, піспеген күріш,

шикі қамыр, ұн секілді нәрселерді жеу;

• Әлі іші толмаған жаңғақ пен кепкен пістені

қабығымен жұтып жіберу. Бұлар әдетте азықтану

үшін қолданылмайтын заттар болғандықтан, тек

қазасы өтеледі, кәффарат қажет емес.

• Артқы жыныс мүшесіне свеча қою, әрі дәрі ағызу;

• Мұрынға дәрі тамызу;

• Тамаққа май құйғышпен сұйықтық өткізу;

• Бастағы немесе қарындағы жараға жағылған

дәрінің денеге (асқазан мен миға) енуі;

• Жаңбыр, қар мен бұршақты байқаусызда жұту;

• Дәрет алу барысында мұрын мен тамағын

шайғанда байқаусызда кеңсіріктен судың өтіп

кетуі;

• Өз қалауымен, біле тұра мұрнымен немесе аузы-

мен түтін жұту;

• Рамазанайындакүшкөрсетіпзорлау, өлтіретіндей

етіп тепкіге жығу, бір ағзаны кесіп алу секілді

жолдармен қорқытып жыныстық қатынас

жасауға мәжбүрлену; Алайда жеңіл-желпі ғана

ұрып-соғу немесе қамап қою арқылы жасалған

қысым нәтижесінде оразасын бұзғандарға әрі

қаза, әрі кәффарат қажет.

• Ұйықтап жатқан адамның аузына су құйып

жіберген жағдайда оразасы бұзылады, қазасын

өтеуі қажет. Сол секілді әйел кісі ораза уақытында

ұйқы халінде жыныстық қатынас жасалған бол-

са, әйел қазасын өтейді

60

.

60

Абдулхамид Тахмаз, Фиқһул-ханафи фи сәубиһил-жәдидә,

Бейрут, 1998 ж. 418-б