62
Ораза – теңдессіз құлшылық
Аузы берік адамдарға мәкрүһ әрі
мәкрүһ емес мән-жайлар
Имам Әбу Юсуфтың көзқарасы бойынша, ора-
за тұтқан адамға сулы мисуак қолдану мәкрүһ. Алай-
да басқа ғалымдар таңертең немесе күн батарда сулы
мисуәк қолдану мәкрүһ емес деген.
Дәрет алған кезде аузы мен мұрнына көп мөлшерде
су алу – мәкрүһ.
Себепсізден-себепсіз тамақтың дәмін (асқазанға
жібермей) көру – мәкрүһ. Күйеуінің мінезі нашар
әйелдер үшін бұл үзір саналады. Тамақты аузына са-
лып, жұтпайшайнау макруһ. Кішкентай баласына тамақ
шайнап беруі қажет болса, мәкрүһ емес. Бірақ шайнап
беретін тамақтың орнына сүт немесе қоспа таба алса,
тамақ шайнап беруі мәкрүһ. Көпшілік ғалымдардың
көзқарасы бойынша, нәпіл ораза кезінде жұтпау шар-
тымен тамақтың дәмін татып көру мәкрүһ емес.
Бал мен май секілді заттардың сапасын көру үшін
дәмін тату – мәкрүһ. Ал бір көзқарас бойынша міндетті
түрде алуы қажет болса, яки уланып қалудан қорықса,
тамаққа кетіп қалмайтындай етіп дәмін көру мәкрүһ
емес.
Шайналып, дәмі кеткен сағызды шайнау – мәкрүһ
62
.
Ал жаңасын мүлдем шайнауға болмайды. Егер
шайнаған сағыздан бір нәрсе бөлініп ішке кетсе, ораза
бұзылады.
Қан алдырғанда әлсізденіп қалудан қорықса –
мәкрүһ, ал қорықпаса мәкрүһ емес. Ең дұрысы – күн
батқаннан кейін алдыру.
62
Бұл жерде айтылған табиғи сағыз.