61
Ораза
• Ораза екенін ұмытып тамақ жеп қойған адамның
оразам бұзылды деп ойлап тамақ ішуі;
• Тістерінің арасында қалып кеткен ноқаттай
нәрсені жеу;
• Өз қалауымен құсу (мейлі ауыз толтыра құссын
мейлі ауыз толтырмасын);
ِ مَنِ اسْتَقَاءَ عَمْداً فَلْيَقْضِ،
وَ مَنْ ذَرَعَهُ الْقَيْءُ فَلاَ قَضَاءَ عَلَيْه
Аллаһ елшісі
(саллаллаһу
аләйһи уә сәлләм)
: «Кімде-кім құсатын болса, оразаның
қазасын өтеуі қажет емес. Алайда өз қалауымен
құсса, оразасын қаза етуі қажет»
61
, – деген.
• Ауыз толтыратындай мөлшерде еріксіз келген
қақырықты жұту;
• Сәресі уақыты өтіп кеткенін білмей тамақ жеп
қою;
• Күн батты деп уақыт кірмей тұрып ішіп-жеу;
• Әйелін сүю, құшақтау нәтижесінде әйел мен ер-
кектен мәнидің келуі;
• Рамазан айында ораза ұстауға ниет етпей тамақ
ішіп-жеу. Бірақ жоғарыда да ескерткеніміздей,
себепсізден-себепсіз ораза ұстамау үлкен күнә.
Сондықтан ондай адамдарға тәубе жасау қажет
болады.
• Қан жұту. Ауыздағы қанның көлемі түкіріктен
көп болса ораза бұзылады;
• (Мастурбация-истимна) Қолмен (мәни) ұрық
шығару.
61
Бұл хадисті Әбу Дәуіт, Тирмизи, Ибн Мажә, Дарими мен
Ахмед ибн Ханбәл риуаят еткен