Previous Page  59 / 168 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 59 / 168 Next Page
Page Background

59

Ораза

• Түнде жүніп болып, сәресіден кейін жуыну.

Егер бір адам ұйқыдан тұрғанда жүніп болып

оянса, оразасы бұзылмайды, тіпті осы күйінде

тазарынбастан күні бойы жүрсе де оразасына

әсер етпейді. Айша анамыздан риуаят етілген

хадисте Пайғамбарымыздың жүніп күйінде таң

атырғаны айтылған

58

. Алайда дереу тазарыну ең

абзалы. Құранда

وَ إِنْ كُنْتُمْ جُنُبًا فَاطّهّرُوا

«Егер жүніп

болсаңдар тазарыныңдар»

59

– деген.

• Ауызға келген қақырықты жұту;

• Суға сүңгіп шомылғанда құлаққа судың кіруі;

• Еркінен тыс темекінің түтіні секілді адамға ләззат

беретін түтіндерді жұту;

• Тамағына шаң-тозаң мен шыбынның кіруі. Көз

жасы мен беттен аққан тердің бір екі тамшысы

ауызға кірсе, ораза бұзылмайды. Бірақ тұзды дәмі

ауызда қатты сезіліп тұрған жағдайда аузы берік

екенін біле тұра жұтса, ораза бұзылады.

• Сәресіден ауызда қалып кеткен ноқаттан

кішкентай нәрсені жұту;

• Адамның еркінен тыс келген құсық, өздігінен

қайта тамаққа кетіп қалса, мейлі ауыз толтыра-

тындай көлемде болса да, ораза бұзылмайды;

• Қан алдыру;

• Сүрме жағу;

• Денеге май жағу;

• Салқындау мақсатында суға шомылу;

• Бас пен қарынға жағылған дәрі денеден ішке

кірмесе.

58

Бұл хадис Бұхари, Мүслим, Әбу Дәуіт, Тримизи, Нәсәи, Ибн

Мажә, Ахмед ибн Ханбәлда риуаят етілген.

59

«Мәида» сүресі, 6-аят.