Previous Page  55 / 168 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 55 / 168 Next Page
Page Background

55

Ораза

«

Небір ораза ұстағандар бар. Оларға шөлдеу мен

аштықтан басқа ешқандай пайда жоқ. Небір түнде

тұрып, нәпіл ғибадат еткендер бар. Бірақ бұл әреке­

тінен ұйқысыздықтан басқа ешқандай пайда тап­

пайды

»

48

,– деген. Сонымен қатар, рамазанда біреу

ұрысып-керіскісі келген адамға сабыр сақтап: «Мен

оразамын» деу – сүннет. Әбу Хұрайрадан риуаят

етілген бір хадисте Пайғамбарымыз

(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)

:

ٌ إِذَا كَانَ يَوْمُ صَوْمِ أَحَدِكُمْ فَالَ يَرْفُثْ وَالَ يَصْخَبْ فَإِنْ سَابّهُ أَحَدٌ أَوْ قَاتَلَهُ

فَلْيَقُلْ: إِنّي صَائِم

«

Кімде-кім аузы берік болса, жаман сөз сөйле­

месін. Дауыс көтеріп, айқай шығармасын. Біреу

оған тіл тигізсе немесе онымен керіскісі келсе, оған:

«Мен оразамын», – десін

»

49

, – деп, мұсылмандарды

сабырлық пен әдептілікке шақырған. Құлшылық

айының артықшылығын толық сезіне білу үшін бүкіл

ағзаларымызға ораза ұстату қажет. Асқазанымызбен

қатар көз бен құлақты харамға бітеп, Құранға түру,

қиял-санамыздың өзін тек қана жақсылыққа қарай

бағыттап, Жаратқан иенің нығметтерін еске алу

оразаның дұрыс орындалуына септігін тигізеді. Ибн

Хажар әл-Әсқалани: «Кәміл әрі толық ораза – күнә ата-

улы мен Аллаһ тағаланың тыйым салған нәрселерінен

алшақ тұру» деген екен.

7. Ілім үйрену, Құран кәрім оқу, көп салауат айту,

дұға оқу және құлшылықты арттыра түсу. Бұл ай

құлшылық айы болғандықтан, исі мұсылман баласының

көңілі құлшылыққа құмартып, уақытын көбіне зікір-

48

Ибн Мажә, Сиям, 21

49

Бұхари, Саум, 2