Previous Page  53 / 168 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 53 / 168 Next Page
Page Background

53

Ораза

жасалған дұға кері қайтарылмайды

»

45

, – деген. Ауыз

ашарда мына дұғаны оқу – сүннет:

{اللّهُمّ لَكَ صُمْتُ وَ بِكَ آمَنْتُ وَ عَلَيْكَ تَوَكّلْتُ وَ عَلَى رِزْقِكَ أَفْطَرْتُ

وَ صَوْمَ الْغَدِ مِنْ شَهْرِ رَمَضانَ نَوَيْتُ فَاغْفِرْ لِي مَا قَدّمْتُ وَ مَا أَخّرْتُ}

Оқылуы: «Аллаһуммә ләкә сумту уә бикә әәмәнту

уә ‛аләйкә тәуәккәлту уә ‛ала ризқикә әфтарту уә сау­

мәл-ғади мин шәһри Рамадана нәуәйту, фәғфирлии мәә

қаддамту уә мәә аххарту».

Мағынасы: «Аллаһ тағалам! Сенің разылығың үшін

ораза ұстадым. Берген ризығыңмен аузымды аштым.

Саған иман етіп, саған тәуекел жасадым. Рамазан айы­

ның ертеңгі күніне де ауыз бекітуге ниет еттім. Сен ме­

нің өткен және келешек күнәларымды кешір».

4. Ораза ұстағандарға бір құрмамен немесе сумен

болса да ауыз аштыру. Жағдайы көтерсе тамақ берген

әрине абзал. Өйткені Пайғамбарымыз

(саллаллаһу аләйһи уә

сәлләм)

:

مَنْ فَطّرَ صَائِمًا كَانَ لَهُ مِثْلُ أَجْرِهِ غَيْرَ أَنّهُ الَ يَنْقُصُ مِنْ أَجْرِ الصّائِمِ شَيْئًا

«

Аузы берік жанды ауызашарға шақырып та­

мақ берген – ораза ұстаған адамның алатынындай

сауап алады. Аузы берік адамның сауабынан да еш

нәрсе кемімейді

»

46

, – деген. Рамазан жомарттық айы

болғандықтан дәулетті жандардың осы айда мұқтаждар

мен тұрмысы нашар кісілерге ауыз аштыруы үлкен

сауап. Олар тұратын аудандарда ауыз ашуға тамақ

таппаған жандардың болмағаны абзал. Мұсылмандық

тәрбиенің негізі осындай игі әрекетті қажет етеді. Әрине

45

Ибн Мажә, Абдуллаһ ибн Амрдан риуаят еткен.

46

Тирмизи, Саум, 82; Ибн Мажә, Сиям, 48