Previous Page  50 / 168 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 50 / 168 Next Page
Page Background

50

Ораза – теңдессіз құлшылық

Егер бір әйел етеккірі тоқтамай тұрып, ертеңгі күні

ораза ұстауға ниет жасаса, таң намазына дейін тазарса,

оразасы жарамды болып саналады.

Оразаның уақыты

Оразаның уақыты таң намазының уақыты кіргеннен

бастап күн батқанға (ақшам намазының уақыты

кіргенге) дейін жалғасады. Бұған қатысты Құранда:

ِكُلُوا وَ اشْرَبُوا حَتَى يَتَبَيَنَ لَكُمُ الْخَيْطُ الَْبْيَضُ مِنَ الْخَيْطِ الَْسْوَدِ مِنَ

الْفَجْرِ ثُمَ أَتِمُوا الصِّيَامَ إِلَى اللَيْل

«

Таңағарып,қаражіптенақжіп(қараңғылықтан

сәуле) айырылғанға дейін ішіңдер, жеңдер де, со-

дан соң оразаны кешке дейін толық орындаңдар

»

39

деп айтылады. Оразаның аяқталу уақытына қатысты

Пайғамбарымыз

(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)

:

ُإِذَا أَقْبَلَ اللَيْلُ مِنْ هَا هُنَا، أَدْبَرَ النَهَارُ مِنْ هَا هُنَا، وَ غَرَبتِ الشّمْسُ فَقَد

أَفْطَرَ الصَائِم

«

Түн мына жақтан (шығыс көкжиекті нұсқап)

келеді, ал күндіз (батысты нұсқап) мына жақтан

кетеді де, күн батады. Сонда ораза ұстаған адам бір

нәрсе жесе де, жемесе де аузын ашқан болады»

40

, – де-

ген.

Соныменқатарғалымдарарасындаекіншішапақтың

алғашқы сәтіне ме, әлде жарықтың көкжиекке тарала

бастауын негізге алу керек пе деген мәселеде әртүрлі

көзқарастар бар. Кейбір ғалымдардың ойынша, негізгі

39

«Бақара» сүресі, 187-аят

40

Бұл хадисті Бұхари, Мүслим, Әбу Дәуіт, Тирмизи мен Ахмед

ибн Ханбәл риуаят еткен.