

46
Ораза – теңдессіз құлшылық
сенің де Раббың бір Аллаһ! Уа, тура жол мен игілік
36
айы!” – деп дұға жасайтын»
37
– деген.
Оразаның шарты
1. Ниет
Ниет – басқа құлшылықтардағы секілді ораза
ұстауда да шарт. Рамазан оразасы әрі басқа да оразалар
ғибадат болғандықтан ниет ету қажет. Ғибадат Аллаһ
тағаланың бұйрығымен тек қана Оның разылығы үшін,
құлдың өз қалауымен жасалады. Өз қалауы мен ынта-
ықыласы ниетсіз іске аспайды. Сондықтан құлшылық
пен жай әдетті бір-бірінен ажырата алу үшін, оразаны
ниетсіз өтеу дұрыс емес. Пайғамбарымыз
(саллаллаһу аләйһи уә
сәлләм)
: ِ
إِنّمَا الَْعْمَالُ بِالنِّيّات
«
Амалдар ниеттерге қарай
», –
деген. Тағы бір хадисте: ُ
مَنْ لَمْ يُبَيِّتِ الصِّيَامَ قَبْلَ الْفَجْرِ فَالَ صِيَامَ لَه
«
Таң намазынан бұрын оразаға ниет етпеген кісінің
оразасы жоқ
»
38
, – деп айтылған. Кез келген оразаға
жүрекпен ниет ету шарт. Ниетсіз ораза дұрыс болмай-
ды. Ал оны тілмен айту – мұстахап.
а) Ниеттің уақыты
Қандайда бір ораза ұстау үшін мүмкіндігінше таң
намазы кірмей тұрып немесе түнгі уақыттан бастап
ниет еткен абзал. Алайда оразаның түріне қарай ниет
ету уақыттары да өзгереді.
36
Өйткені адамдарды тура жол мен игілікке бастайтын қажылық
пен ораза секілді маңызды құлшылықтардың уақыты жаңа
туған ай арқылы белгілі болады.
37
Тирмизи, дұға 50
38
Бұл хадис бес хадис имамының кітабында Хафса анамыздан
(р.а.) риуаят етілген. Қараңыз: Нәйлул-әутәр, 4-т., 195-б.