47
Ораза
а) Ақшам уақыты кіргеннен бастап бесін намазына
аз уақыт қалғанға дейін ниет ету. Ханафи мәзһабында
рамазаноразасы, нәпіл оразалар һәмуақытыбелгіленген
нәзір оразалардың ниет ету уақыты күн батқаннан бас-
тап, таң атып, бесін намазының уақытына аз уақыт (бір
сағат жобасы) қалғанға дейін жалғасады. Ал бесін на-
мазы кіргеннен кейін ешқандай оразаға ниет етуге бол-
майды. Бұл уақыттан кейін ниет етіп тұтқан оразасы
дұрыс болмайды тіпті сәресіден бері еш нәрсе ішпесе
де. Бұл тұрғылықты-жолаушы, ауру-сау адамдардың
бәріне бірдей.
Бесін намазына дейін ниет ете алу үшін таң
намазының уақыты кіргеннен бастап оразаны бұзатын
(ішіп-жеу, жыныстық қатынас т.б.) жағдай орын алма-
уы қажет. Ал оразаны бұзатын жағдайы әдейі немесе
білместікпен орын алса, мұндай жағдайда оразаға ниет
ету жарамсыз.
Бесін намазына дейін нәпіл ораза ұстауға
болатындығына қатысты хадистердің бірі мынау.
Пайғамбарымыз
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
Айша анамыздан
түскі асқа тамақ дайындап-дайындамағанын сұраған
кезде, ол жейтін еш нәрсенің жоқтығын білдіреді. Бұны
естіген кезде Пайғамбарымыз
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
ары
қарай ораза ұстаған.
ә) Таң намазының уақыты кіргенге дейін ниет ету.
Қарыз оразаларға таң намазының уақыты кірмей тұрып
ниет етіп, қандай ораза ұстайтындығын нақтылау қажет.
Мысалы, оразаны бастағаннан кейін қандайда бір се-
беппен оны бұзған болса, оның қазасын өтеу кісінің
мойнына міндет болып жазылады. Рамазан оразасының
қазасы, кәффарат оразасы мен жалпы атау (нәзір) ора-
засы осы топқа жатады. Осындай оразаларға түннен