43
Ораза
ораза тұтпайды
32
, Шағбан айын 30-ға толтырып, одан
кейінгі күні ораза тұтады. Өйткені қамари айлар 30
күннен аспайды. Алайда мұндай бұлтты күні, халық
арасында әділдігімен, шыншылдығымен танылған
бір адам (ер немесе әйел), жаңа айды көргендігін ай-
тар болса, барша жұртшылық ораза тұтады. Бұл адам,
жаңа айды көргендігін басшының алдында, басшы бол-
маса сол елдімекендегі көпшілік жиналатын орталық
мешітінде жариялайды
33
.
Рамазан айының аяқталғанын анықтау үшін Рама-
зан айының 29 күні, күн батқаннан кейін шәууәл айын
іздеу қажет. Рамазан айының 29-ы күні ауа бұлтты
болған жағдайда екі әділ адам жаңа айдың туғанын
көрген болса, шәууәл айының 1-і яғни ораза айт мейра-
мы басталған болады. Ал егер аспан ашық болып, жаңа
туған айды бір топ адам көрсе, ораза бітіп, шәууәл айы
басталған болады. Егер шәууәл айын ешкім көрмесе ра-
мазан айын 30 күнге толықтырады.
Екіншісі: Астрономиялық зерттеулерге жүгіну
Астрономия ғылымы қазіргі таңда үлкен
жетістіктерге жетіп, ай мен күннің қозғалысын зерттеп,
жылдық күнтізбелер жасалуда. Сондықтан жаңа айдың
туылғанын астрономиялық есептеулер арқылы білуге
болады.
Өйткені шағбан айы кейде 29 кей жылдары 30 күнге толады.
32
Хадис «Араларыңнан ешкім рамазан айынан бір немесе екі
күн бұрын ораза ұстамасын. Алайда баяғыдан бері ұстап келе
жатқан әдеттенген оразасы болса, ұстай берсін»
33
Жаңа айды көрген адам, дереу айды көргендігін айтуы керек.
Тіпті күйеуінің рұқсатынсыз шыға алмайтын әйел болса да,
күйеуінің рұқсатынсыз шығып, жаңа айды көргендігін айтады.
Өйткені жаңа айды көру уәжіп.