38
Ораза – теңдессіз құлшылық
шақырған. Баланың денсаулығы мен шыдамдылығына
қарай 8-9 жастан бастап үйрете берген жөн.
Ораза айын анықтау
Жаңа туған айды көру уақыты
Ислам дінінде айлар қамари
22
болып табыла-
ды. Яғни, басталуы мен бітуі айдың қозғалысына
негізделген. Қамари айлардың саны 12. Мұсылманша
күнтізбе аймен саналатын болғандықтан, әр ай жиырма
тоғыз немесе отыз күнге толады.
Пайғамбарымыз
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
бірде:
َ... الشّهْرُ هَكَذَا وَ هَكَذَا وَ هَكَذَا وَ عَقَدَ الِْبْهَامَ فِي الثّالِثَة وَ الشّهْرُ هَكَذَا
وَ هَكَذَا وَ هَكَذَا يَعْنِي تَمَامَ ثَالَثِين
«...
ай мынадай, мынадай, мынадай деп он саусағын
үш мәрте сілтеп, үшінші мәрте бас бармағын бүгіп
айдың жиырма тоғыз күн болатынын және ай мы-
надай, мынадай, мынадай, деп айдың отыз күн
болатынын
»
23
айтқан.
Парыз оразарамазанайында тұтылатындықтанжәне
ай күнтізбесіне сәйкес жылда өзгеріп тұратындықтан,
ораза ұстау үшін ең әуелі рамазан айын анықтап алу ке-
рек.
Қамари жылсанақ бойынша, Шағбан айы бітісімен
Рамазан айы басталады, ал Рамазан айынан кейін
шәууәл айы басталады. Сондықтан шағбан айының жи-
ырма тоғызынан бастап рамазан айын іздеу уәжіп. Сол
секілді Рамазан айының 29 күні келесі айдың (шәууәл
22
Арап тіліндегі «қамар» сөзі ай деген мағынаны білдіреді.
23
Бұхари, Ибн Омардан жеткен хадис.