Previous Page  37 / 168 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 37 / 168 Next Page
Page Background

37

Ораза

Рамазан оразасы кімдерге парыз?

Ислам дінінде ораза ұстау кейбір шарттарға тәуелді.

Енді соларға қысқаша тоқтала кетейік.

Мұсылман болу.

Мұсылман емес кісілерге ораза парыз емес. Өйткені

ораза ұстау үшін мұсылман болу қажет.

Балиғатқа толу және ақыл-есі түзу болу.

Ислам дінінде балиғатқа толмаған кішкентай ба-

лалар яки балиғатқа толған күннің өзінде ақыл-есі кем

адамдар ораза ұстауға міндетті емес. Бұған қатысты

Пайғамбарымыз

(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)

:

َ رُفِعَ الْقَلَمُ عَنْ ثَلاَثَةٍ عَنْ النّائِمِ حَتّى يَسْتَيْقِظَ، وَ عَنْ الصّبِيِّ حَتّى يَبْلُغَ، وَ

عَنِ الْمَجْنُونِ حَتّى يَعْقِل

«Үш адамға қалам жазылмайды: балиғат жасына

жетпейінше балаға, ақыл-есі түзелгенге дейін ақылы

кеміске, оянғанға дейін ұйқыда жатқан адамға», – де-

ген.

Ниет ете алмағандығы үшін ақыл-есі кем, талып

қалған және мас адамның оразалары жарамсыз болып

саналады. Егер бір кісі рамазан айы бойынша талмасы

ұстаса, кейін ұстамаған күндерінің қазасын тегіс өтейді.

Ал ақыл-есі дұрыс емес кісі рамазан айының ішінде

түзелсе, ұстай алмаған күндерінің қазасын өтейді. Ра-

мазан айы бойынша ақыл-есі дұрыс болмаған кісінің

оразаларының қазасын өтеуі қажет емес.

Балиғат жасына толмаған балаларға бойларын

біртіндеп үйрету үшін анда-санда болса да ораза

ұстатқызуға болады. Пайғамбарымыз

(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)

жеті жастан он жасқа дейін балаларды намазға үйретуге