Previous Page  36 / 168 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 36 / 168 Next Page
Page Background

36

Ораза – теңдессіз құлшылық

парыз етілген. Алайда билеушілері ауырып қалған кез-

де, «жазылып кетсе, бұған тағы да он күн қосып ораза

ұстаймыз»депуәдебереді. Билеушілеріжазылады, бірақ

аузындағы бір кесел жазылмай қалады. Христиандар

«Егер бұл кеселі жазылса тағы да жеті күн ұстаймыз»

деп оразаларын қырық жеті күнге толықтыратын етіп

шешті. Билеушілері жазылып, қырық жеті күн ора-

за ұстауды бекітті. Ал одан кейін келген басшылары

оразаны елу күнге шығарып, тұрақты көктем айында

елу күн ораза ұстауды бекітті. Табиғин ғалымы Хасан

Басри мен тәпсірші Судди христиандардың осылайша

ораза ұстағандарын айтқан. Ал ғалымдардың көпшілігі

христиандардың айда үш күн ораза ұстағандықтарына

қатысты риуаятты дәлелдік жағынан күштірек деп

есептеген.

Діндер тарихына көз жіберсек, Исламға дейінгі

діндерде де оразаға ұқсас құлшылық түрінің болғанын

байқаймыз. Мысалы, кельттердің ораза ұстағандығы,

көне

мексикалықтардың,

перулықтардың,

вавилондықтардың және ассириялықтардың оразаға

ерекше мән бергендіктері айтылады. Сонымен қатар

иудаизм мен христиандықта, индуизм, брахманизм,

жайнизм және т.б. діндерде де уақыты, мақсаты мен

формасы жағынан әр түрлі болса да ауыз бекітудің

құлшылық ретінде орындалғанын көреміз. Яғни,

бұл Жаратушы парыз қылып міндеттеген оразаның

– адам баласын тақуалыққа, кемелдікке жеткізіп, ру-

хани әлемнің сырларын бойлауға бастайтын ерекше

құлшылық екендігінің дәлелі.