Previous Page  32 / 168 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 32 / 168 Next Page
Page Background

32

Ораза – теңдессіз құлшылық

б) Ораза күнәлардан сақтап, сабырлылыққа

үйретеді

Күнә адам баласының пәк табиғатын кірлетіп,

жүрегіне дақ түсіреді. Шайтанның құрығына бір рет

ілініп қалған жан белді бекем буып, тәубеге келмесе,

күнәға бойы үйреніп кетеді. Одан құтылу үшін болат-

тай берік ынта-жігер қажет.

Ораза адамды күнәдан сақтайды. Ол бейне бір

қалқан секілді иесін қорғап, оның жаннатқа кіруіне

көмектеседі. Пайғамбарымыз оразаның осы қасиетін

нұсқап:

ٌيَا مَعْشَرَ الشّبَابِ، مَنِ اسْتَطَاعَ مِنْكُمُ الْبَاءَةَ فَلْيَتَزَوّجْ، فَإِنَهُ أَغَضّ لِلْبَصَرِ وَ

أَحْصَنُ لِلْفَرَجِ، وَ مَنْ لَمْ يَسْتَطِعْ فَعَلَيْهِ بِالصّوْمِ فَإِنّهُ لَهُ وَجَاء

«Уа, жастар жамағаты! Үйленуге шамасы келген-

дер үйленсін. Өйткені ол көзді (харамнан) қорғаушы,

ұятты жерлерді күнәдан сақтаушы. Кімнің үйленуге

шамасы жетпесе, ораза ұстасын. Өйткені ораза – ол

үшін қалқан»

18

, –

деп мұсылмандарға насихат еткен.

Ораза адам бойындағы күнәға қарсы тұру қабілетін

дамытады. Кісі аузы берік кезде әр түрлі жағымсыз

құмарлықтарын тізгіндей алғаны секілді, күнәға қарсы

бойында қалыптасқан дағды бойынша ораза емес

кезде де сабырлық таныта алады. Өйткені оразаның

мәні тек қана аш жүру емес, көз, құлақ, жүрек, тіпті

ой-қиялдарының өзін жамандықтардан тыю. Осын-

дай дәрежеде ораза ұстаған жан әрдайым тура жолда

болмақ.

Адамның руханиятын қадағалап, дұрыс бағытқа

қоюда оразаның рөлі өте зор. Ұдайы тоқ жүрген асқазан

18

Бұхари, Саум 10; Әбу Дәуіт, Никах 1