Previous Page  28 / 168 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 28 / 168 Next Page
Page Background

28

Ораза – теңдессіз құлшылық

шығып қалмай белсенді жұмыс істеуіне көмектеседі.

Ораза арқылы денемізде жиналып қалған зиянды май-

лар кетіп, ағзаларымыз бір демалып қалады. Ораза –

семіздікке де қарсы ем. Қазіргі таңда семіздік – әлемдік

деңгейде күн тәртібіндегі мәселелердің бірі. Семіздіктің

қан айналымын нашарлатып, мидың белсенділігін

бәсеңдететінін де дәрігерлер анықтап отыр. Ораза – әрі

осы дерттердің дауасы, әрі мол сауапқа кенелдіретін

құлшылық.

ә) Ораза аурудан сақтайды

Оразаның тән мен жанға тигізетін пайдасы

жайлы қазірге дейін көптеген мақалалар мен кітаптар

жазылған. Неміс ғалымы-профессор Гехардет (Cehar-

det) адамның қажыр-қайратын жануға қатысты жазған

кітабында ораза жайлы адамның тәндік қалауларын

басып, нәпсіні құрықтайтындай ғұмыр кешуі жолында

рухтың тән қалауларын тізгіндеуде ең ықпалды жол

екенін айтады

11

.

Ғылым докторы Рови: «Ораза сырқаттануға

қарсы иммунитетті күшейтеді. Осындай маңызды

медициналық жаңалықты Ислам оразаны парыз

ету арқылы дәлелдеді, ал бүгінгі медицина оразаны

ауруларға қарсы дәрі әрі қорғаушы ретінде

қолдануда»

12

,– дейді. Бұл сөзде шындық бар. Мәселен,

ғылым докторы Генрий Лахман Саксонияның

Дрэзден қаласындағы ауруханасында, сонымен қатар

Бершербенр мен Молиер өздерінің емханаларында

ауруларды ораза арқылы емдейтін көрінеді

13

.

11

А. Таббара, «Илмин ышығында Исламиет», Стамбул, 1977 ж.

274-б.

12

Ж. Кыржа, «Курани Керимде фен билимлери», 141-б.

13

А. Нәуфәл, «Ислам ве модерн илим», 209-б.