Previous Page  26 / 168 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 26 / 168 Next Page
Page Background

26

Ораза – теңдессіз құлшылық

1. Оразаның жеке тұлғаға пайдалары

Адам баласының тәні мен қатар жаны да бар екені

белгілі. Бұл сынақ әлемінде жаны жоқ тәннің мәні

жоқ секілді, тәнсіз де жанның маңызы жоқ. Ішіп-жеу,

жасаған іс-амалдары, жасаған құлшылықтары оның

жаны мен тәніне өзіндік ықпалын тигізеді. Аузы-

на салған бір түйір ас сырттай қарағанда елеусіз бо-

лып көрінгенімен оның адам рухына да өзіндік әсері

бар. Ал ағзаларының қозғалысы тәнге пайда беру-

мен қатар рухқа да белгілі бір дәрежеде ықпал етеді.

Кісінің бойындағы сезімдерін дамытып, кемелдендіруі

тұрғысынан оразаның ерекше рөлі бар. Оразаны жиі

ұстаған кезде рухани қабілеттер жетіліп, жүрек көзі

ашыла түседі. Ал тек қана асқазанның қамын ойлап,

алдына не келсе соны ойланбай жеп, нығметтердің

қадірін ұғынбаған жанның рухани қабілеттері өшіп,

хайуани қасиеттері басым бола бастайды. Өз кезегінде

ораза нығметтердің қадірін ұқтырып, шүкіршілікке

үйретеді.

а) Ораза тәнді тынықтырады

Жарық дүниеге көзді ашар-ашпас қызу қызметке

кірісіп кететін ас қорыту жүйесінің тынығуға

қажеттілігі бар екенін қазіргі таңда медицина да мо-

йындап отыр. Жылдың бір айында тәнге сергектік

беретін оразаның осы тұрғыдан пайдасы шаш етек-

тен. Асқазан фабрикасының қызметкері көп-ақ. Әрбір

қызметкердің өзіне тән құрал-жабдығы бар. Егер

адам нәпсісі бір ай бойы күндізгі уақытта асқазанды

тынықтырмаса асқазандағы қызметкерлердің жеке

өзіндік құлшылықтарын атқаруына мүмкіндік берме-

ген болып табылады. Онда адамның басқа ағзалары