22
Ораза – теңдессіз құлшылық
мен маңызын көптеген хадистерінде айтып түсіндірген.
Сөз сұлтанының нұрлы баяндарына тоқтала кетейік.
Әбу Хұрайраның айтуы бойынша Пайғамбарымыз:
قَالَ اللُّ عَزّ وَجَلّ: كُلّ عَمَلِ ابْنِ آدَمٍ لَهُ إِالّ الصّوْمَ فَإِنّهُ لِي وَ أَنَا أَجْزِي
بِهِ، يَدَعُ شَهْوَتَهُ وَ طَعَامَهُ مِنْ أَجْلِى، لِلصَائِمِ فَرْحَتَانِ، فَرْحَةٌ عِنْدَ فِطْرِهِ، وَ
فَرْحَةٌ عِنْدَ لِقَاءِ رَبِّهِ، وَ لَخَلُوفُ فَمِ الصّائِمِ أَطْيَبُ عِنْدَ اللِّ مِنْ رَيْحِ الْمِسْكِ
«Аллаһ тағала былай деп бұйырды: «Адам
баласының әр амалы өзі үшін. Ал ораза бұдан бөлек.
Оның қарымын Өзім ғана беремін. Өйткені ол ішіп-
жеуден, нәпсі қалауларынан Мен үшін тыйылады. Ора-
за ұстаушының екі қуанышты сәті бар: біреуі – ауыз
ашар, екіншісі – Аллаһ тағалаға қауышқан сәті. Аллаһ
үшін ораза ұстаушының аузының иісі мисктің жұпар
иісінен де жағымды»
3
,
– деген. Ораза рия ең аз араласа-
тын құлшылық болғандықтан, оның сауабы да ерекше.
Міне, оразаны осындай шынайы ниетпен ұстау керек.
Негізінде, ораза ұстаушының аузынан шыққан иіс
аштықтан туындайды. Қиямет-қайымда бұл иіс мисктен
де тамаша болмақ. Күнәдан пәк, жатпай-тұрмай ұлы
Жаратқанды мадақтап, құлшылық ететін періштелерге
ұнайтын арнайы иістер бар. Олар гүлдің, мисктің иісін
ұнатады. Осы жұпар иістер ғайып әлемінің сиқырлы
қазыналарын ашатын кілт секілді. Ораза ұстаған
жанның аузынан шыққан иіс те осындай иістердің са-
натына жатады. Мұның себебі оразаның пенде мен
Аллаһ тағала арасын байланыстырушы ғибадат бо-
луында. Сондықтан оразаға тек ауыздан шыққан иіс
3
Бұхари, Саум 2; Мүслим, Сиям 152; Тирмизи, Саум, 54