20
Ораза – теңдессіз құлшылық
да үлкен хикмет бар. Жер бетінде күн әр жерде түрлі
сағатта туып, түрлі сағатта батады.Мұсылман елдерінде
күніне бес уақыт намаз түрлі-түрлі уақыттарда
оқылғандықтан, жер бетінде азанның үні бірінен соң
бірі жалғасып, Жаратқанды ұлықтап тағзым етпеген
сәт қалмайды.
Ораза болса қамари, яғни айжүйесініңмезгіліне бай-
ланысты. Күн жүйесі мен ай жүйесі арасында бір жыл-
да 11 күн айырмашылық бар. Осылайша ораза жылдың
әр маусымында, мұсылмандар арасында ұзын-қысқа,
ыстық-суық кезеңдерде әділдік сақталу үшін Аллаһ пен
елшісі
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
осы құлшылықтың қамари
жылы бойынша орындалуын бұйырған. Алғашында
ораза жаз айында парыз етілген-ді. Егер күн жыл сана-
уына қарай бекітілсе, онда үнемі жаз айларында ұстау
қажет болар еді. Бұл жағдайда Солтүстік жарты шары
өте ыстық әрі ұзақ күндерде, ал Оңтүстік полюстер-
де үнемі қыс айларында күннің ең қысқа мерзімінде
өтелген болар еді. Бұл өз кезегінде мұсылмандар ара-
сында әділетсіздік болып саналар еді. Алайда Ис-
лам діні бұл мәселеде де ерекше мұқияттылықпен әр
тоғыз жылда оразаның түрлі маусымдарда тұтылуын
қамтамасыз еткен.
Полюстердегі ғибадат
Кейде әдейі кекесінмен қойылған сұрақтар бола-
ды. Солардың бірі – полюстерде құлшылықтың қалай
атқарылатындығы. Полюстерде алты ай күндіз, алты ай
түн поляр мезгілдерінің кездесетіндігі белгілі. Алайда
қай мәселе болмасын шебер шеше білген Ислам діні бұл
сұраққа да тұшымды жауап берген. «Сахихул Бухари»
мен Ахмед ибн Ханбәлдің «Мүснәд» еңбегіне сүйенсек,