25
Ораза
шайтани қасиет бар. Адам баласы қамшының сабындай
ғана қысқа ғұмырында осы екі қасиеттің бірін таңдау
арқылы ақиреттегі тағдырын белгілемек.
Мейірімі шексіз Жаратқан Иеміз сүйіп жаратқан
құлдары адаспасын деп тура жол көрсетіп, екі дүниеде
бақытты болудың жолын көрсететін кітаптар мен
пайғамбарлар жіберіп отырған. Сол адастырмас жол
сілтеушілер арқылы адамзат шайтани қасиеттерін
тізгіндеп періштелік қасиеттерін шыңдай отырып,
өзінің жаратылу мақсатына сай өмір сүрмек.
Жаратылу мақсатымызды Құран кәрім: ُ
وَ مَا خَلَقْت
الْجِنّ وَ الِْنْسَ إِالَ لِيَعْبُدُون
«Мен адамзат пен жындарды
Маған құлшылық етсін деп қана жараттым»
9
, –
деп білдіреді. Яғни адам баласының жаратылуындағы
мақсат құлшылық жасау болып табылады. Ал
құлшылықтыңқарымынЖаратқаннанкүтеміз.Олардың
сауабы ақиретте беріледі. Кейбір құлшылықтардың бұл
дүниелік пайдалары да жоқ емес. Алайда құлшылық ол
пайдалар үшін жасалмайды. Осындай риясыз ниетпен
құлшылық жасау арқылы адам баласы кәмілдікке қол
жеткізбек.
Құлшылықтардың дүниелік пайдаларына кел-
сек, ол әр ісін асқан даналықпен жарататын Аллаһ
тағаланың хикметінің нәтижесі. Оның бізге бұйырған
нәрселерінің астарында көптеген пайдалары бар екені
сөзсіз. Намаз, ораза, зекет пен қажылықтың пайдала-
рын осы тұрғыдан бағамдау қажет.
9
«Зәрият» сүресі, 56-аят.