30
Ораза – теңдессіз құлшылық
Адамныңперіштелерденайырмашылығынәпсісінің
болуында. Періштелер ішіп-жемейді, жұптаспайды,
ешқашан Жаратқанға қарсы шықпайды. Олар әрдайым
Аллаһ тағаланы ұлықтап, бұйрықтарын қалт жібермей
орындайды. Адам баласы болса ішіп-жейді және кез
келген сәтте кемшілікке бой алдырып, жаза басуы
мүмкін. Әсіресе ораза ұстаған мұсылман таңның аты-
сынан кештің батуына дейін ішіп-жеуден, нәпсілік
қалауларынан, өсек-ғайбаттан тыйылу керек. Ол осы
қасиетімен періштелерді де жолда қалдырып кетеді.
Жаратқан иеміз мұндай құлдарын періштелерге мақтан
етіп, оларға үлгі-өнеге етеді
16
.
Формасы әр түрлі болса да бүкіл діндерде оразаға
аса мән беріледі. Адам баласы кәмілдікке рухани жол-
мен ғана жете алады. Рухани жол ғибадат, құлшылық,
ораза арқылы болмақ. Адамзаттың рухани өресін
кеңейтіп, жол көрсету үшін жіберілген пайғамбарлар
өздері ораза тұтып, басқаларды да осы жолға шақырған.
а) Ораза Жаратқанға қауышуды еске салады
Ораза – Жаратқан иенің нығметтерін сезінуді әрі
Оған қауышуды жұмыр басты пенденің есіне сала-
ды. Ораза бұны мына екі жолмен түсінеді: «дүниелік
ләззаттар пәни, ал ақиреттің ләззаттар мен нығметтер
мәңгілік. Дүниедегі қиындықтар мен қайғы-мұңдар
өткінші ал ақыретте жаннаттағы жүрек тыныштығы
мен Аллаһтың разылығы мәңгілік». Мұсылман осылай-
ша ойлап дүниенің ләззаттары ақыреттің ләззаттарымен
теңеспейтінін, дүниедегі қиыншылықтары мен аш
сусыз жүруі, Аллаһпен қауышқанда мұның барлығы
мол сауапқа айналып, Аллаһтың дидарын көріп, оның
16
әт-Тәрғиб, 2/99