33
Ораза
адамның бүкіл ағзаларының энергиясын жоғары
деңгейге жеткізеді. Бұл өз кезегінде нәпсілік сезімдерді
қоздырып, рухани нәрселерге енжарлық таныттырады.
Қарны тоқ, киімі көк адам тоқмейілсіп, аузына келгенін
айта беруі мүмкін. Ал оның нәтижесі жақсы болмасы
белгілі. Осы зияндардың алдын алуда ораза таптырмас
шара. Пайғамбарымыз
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
: ُ
ٌ إِذَا كَانَ يَوْم
صَوْمِ أَحَدِكُمْ فَالَ يَرْفُثْ وَالَ يَصْخَبْ فَإِنْ سَابّهُ أَحَدٌ أَوْ قَاتَلَهُ فَلْيَقُلْ إِنّي صَائِم
«Араларыңда ораза ұстағандарың басқаларға жаман
сөз айтпасын, дауыс көтермесін. Егер басқа біреу оған
тіл ұзатып, ерегіссе, «Аузым берік»
19
десін»
;
مَنْ لَمْ يَدَعْ قَوْلَ الزّورِ وَ الْعَمَلَ بِهِ فَلَيْسَ للِِّ حَاجَةٌ في أَنْ يَدَعَ طَعَامَهُ وَ
شَرَابَهُ
«Кімде-кім аузы берік кезінде өтірік айтып, жа-
ман нәрселерден бас тартпаса, біліп қойсын, Аллаһ
тағала оның тек қана ішіп-жеуін доғаруына мұқтаж
емес»
20
, –
дейді.
3. Оразаның қоғамдық өмірге
пайдасы
а) Ораза бірлік пен татулықты күшейтеді
Ораза арқылы (әсіресе рамазан айында) адам
қоғамдық өмірде өзгелермен тығыз байланыс орната-
ды. Бүкіл қоғамның таңертең бір сәтте ауыз бекітіп,
кешке ауыз ашуы, жамағатпен тарауих намазын
оқуы, қадір түнін қарсы алуы, айт намазына баруы
бауырмашылдықтың артуына жол ашады. Хадисте:
19
Бұхари, Саум 9; Нәсәи, Сиям 42
20
Бұхари, Саум 8