29
Ораза
Оразаның дүние мен ақиретіміз үшін пайдалы
екендігін Пайғамбарымыз
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
:
صُومُوا
تَصِحّوا
«Ораза ұстаңдар – сау боласыңдар!»
14
– деп бізге
әу баста жеткізген болатын.
2. Оразаның рухқа әсері
Адам баласы – тән мен жаннан тұратын жаратылыс.
Оның нәпсілік қалаулары тәндік табиғатының
ерекшелігі, ал рухани әлемге қанат қағып самғататын,
жаратылысының мәнін ұқтыратын ерекшелігі рухы
болып табылады. Адам баласы хайуани сезімдерін
тізгіндей алса, бойындағы періштелік қасиеттерінің
күшейгенін сезіне алады. Аллаһ тағала адамды өзге
болмыстардан жоғары дәрежеде жаратқан. Алайда
оның бойында күллі болмыстан ең жоғарғы деңгейге
көтеріле алатын қабілетпен қатар ең төменгі сатыға
құлдырататын жаман қасиеттері де бар. Кейде
періштелердің өзін шаң қаптырса, кейде шайтаннан да
асып түседі. Құран адам бойындағы осы екі қасиетін:
ٍلَقَدْ خَلَقْنَا الِْنْسَانَ فِي أَحْسَنِ تَقْوِيمٍ ثُمّ رَدَدْناهُ أَسْفَلَ السّافِلِينَ إِالّ الّذِينَ
آمَنُوا وَ عَمِلُوا الصّالِحَاتِ فَلَهُمْ أَجْرٌ غَيْرُ مَمْنُون
«Біз адам баласын ең көркем бейнеде жараттық.
Сосын оны төменгілерден де төменге құлдыраттық.
Тек қана иман келтіріп, ізгі амал жасағандардың
жөні бөлек. Оларға түгесілмейтін сый бар»
15
, – деу
арқылы тамаша түрде бейнелейді.
14
Әбу Наим жеткізді. Хасан хадис;
15
«Тин» сүресі, 4-6-аяттар.