Previous Page  27 / 168 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 27 / 168 Next Page
Page Background

27

Ораза

да солардың ыңғайына көшіп, өзіндік негізгі міндеті

құлшылықтарын ұмытады. Нәпсі оларды өз дегеніне

көндіріп, айтқанымен жүргізген, оларға өз билігін

үстем еткен болып есептеледі. Алайда олар да өз

әдетінше Аллаһ тағалаға құлшылық етуге міндетті. Сол

себепті көптеген әулиелер кемелдік шыңына жету үшін

тақуалық жолды ұстанып, аз ішіп, аз жеуге ерекше

көңіл бөлген. Ал Рамазан айында асқазанның барлық

қызметкерлері тек нәпсінің қалауын орындау үшін

жаратылмағандықтарын ұғынады. Тек сол асқазан фа-

брикасына тән қызметкерлер емес екендігін сезінеді.

Адамның басқа ағзалары да сол сәт Рамазанның

періштедей пәктік қасиетінен ләззат алып, назарын

бір сәт рухани тыныстауға, рухани жан-дүниенің

байлығына аударады. Сол себепті мұсылмандар Ра-

мазан айында өз дәрежелеріне қарай түрліше нұр

шұғылаға кенеліп, түрліше рухани ләззат пен айран-

асыр қуанышты бастан кешеді. Ол қасиетті айда ауыз

бекіту арқылы жүрек пен рух, ақыл мен сана тазарып,

адамның ең бір сыршыл сезімдері де асқақтап керемет

тылсым күйге тап болады. Асқазан ашыға түскен сайын

олар рухани кемелденіп биіктей түседі

10

.

Кез келген техника белгілі уақыттан кейін қайта

жөндеуден өткізіледі. Бұған мән бермей тоқтамай

жұмыс жасата берген жағдайда ол техника бұзылады

немесе толықтай істен шығып қалады. Адам баласын

да демалдырмай жиырма төрт сағат бойы жұмыс істете

берсе, мұрттай ұшары белгілі. Жақсы өнім мен нәтиже

алу үшін кісіге уақтылы демалыс беріп тұру қажет.

Ораза арқылы адам ағзалары тынығады. Ескіріп, істен

10

С. Сених, Құлшылық құпиясы (Түрік тілінен ауд. Қ. Бағашар),

2-бас., Алматы, 2007 ж. 115-б.