23
Ораза
тұрғысынан емес, өзінің толайым тереңдігі тұрғысынан
қарау керек.
Тағы да Әбу Хұрайрадан жеткен хадистердің
бірінде Адамзаттың асылы:
ِ لِكُلِّ شَيْءٍ زَكَاةٌ وَ زَكَاةُ الَْبْدَانِ الصِّيَامُ،
الصِّيَامُ نِصْفُ الصّبْر
«Әр нәрсенің зекеті бар. Тәннің зекеті
– ораза ұстау. Ораза – сабырдың жартысы»
4
,
– деген.
Жаратқан
иеміздің
мойнымызға
жүктеген
құлшылықтарға, басқа түскен қилы оқиғаларға
төзімділік танытып, Жаратқаннан күдер үзбеу, алдап-
арбап тұзаққа түсіріп, опық жегізер күнәларға қарсы
сабырлы болу – діннің жартысы. Ал ораза – сабырдың
жартысы. Сабырдың қалған жартысы басқа нәрселерге
бөлінген. Демек, ораза – діннің төрттен бірі, яғни негізгі
тіректері саналған намаз, ораза, зекет, қажылық секілді
төрт құлшылықтың бірі.
Оразаның теңдессіз құлшылық екендігі жайлы Әбу
Үмәма (р.а.) былай дейді:
قُلْتُ: يَا رَسُولَ اللِّ مُرْنِي بِعَمَلٍ، قَالَ:عَلَيْكَ بِالصّوْمِ فَإِنّهُ الَ عِدْلَ لَهُ،
ُقُلْتُ: يَا رَسُولَ اللِّ مُرْنِي بِعَمَلٍ، قَالَ: عَلَيْكَ بِالصّوْمِ فَإِنّهُ الَ عِدْلَ لَهُ،
قُلْتُ: يَا رَسُولَ اللِّ مُرْنِي بِعَمَلٍ، قَالَ: عَلَيْكَ بِالصّوْمِ فَإِنّهُ الَ عِدْلَ لَه
«Пайғамбарымыздан жақсы бір амал сұрадым. Ол
маған: «Ораза ұста, өйткені оған тең келер құлшылық
жоқ», – деді. Мен екі-үш рет қайталап сұрасам да,
«Ораза ұста, оған тең келер құлшылық жоқ», – деген
жауабынан танбады»
5
.
Оразаның
сауабына
байланысты
басқа
хадистерінде:
«Кімде-кімді ораза ішіп-жеуден тыйса,
4
Ибн Мажә, Сиям 44
5
Нәсәи, Сиям, 43