19
Ораза
Ораза – парсы тілінен енген сөз. Араб тілінде бұған
«саум»делінеді.Саум–бірнәрседеналшақтұру,адамның
өз-өзін ұстауы дегенге саяды. Оразаның шариғаттағы
мағынасы – таң намазының уақыты кіргеннен бастап,
күннің батуына дейін Аллаһ тағаланың разылығы үшін
тамақ ішіп-жеуден, жыныстық қатынастан тыйылу.
Ораза Мәдина кезеңінде, һижраның екінші жылының
шағбан айында “бәдір” соғысынан кейін парыз етілген.
Ислам дінінің алғашқы жылдарында әр айда үш күн
ораза тұтылатын. Муаз ибн Жәбәл, Ибн Мәсғұд пен
Ибн Аббас (р.а.) секілді алдыңғы қатарлы сахабалардың
риуаят етуі бойынша, Нұх пайғамбардан (а.с.) бастап
пайғамбарымыз Мұхаммедке
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
дейінгі
пайғамбарлар мен олардың үмбеттері әр айда үш күн
ораза ұстаған делінген. Сонымен қатар, Пайғамбарымыз
ашура күні де ораза ұстайтын. Алайда Аллаһ тағала
бұл үкімнің күшін жойып, Рамазан айында толық ораза
ұстауды әмір еткен. Пайғамбарымыз
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
ораза парыз болғаннан бастап, өмірінің соңына дейін
тоғыз жыл рамазан оразасын тұтқан.
Оразаның уақытын белгілеудегі нәзік
өлшем
Ислам дінінің ең соңғы әрі кәміл дін болу ерекшелігі
оның әр мәселесінде айқын көрінеді. Намаздың күн
жүйесіндегі сағатқа қарай белгіленуінің астарында