Previous Page  24 / 168 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 24 / 168 Next Page
Page Background

24

Ораза – теңдессіз құлшылық

Аллаһ тағала оған Жұмақ жемістерінен жегізіп,

Жұмақ бұлақтарынан ішкізеді»

6

, َ

إِنّ لِلْجَنّةِ بَابًا يُسَمّى الرّيَان

الَ يَدْخُلُهُ إِالّ الصّائِمُون

«

Жұмақта «Раййан» деп аталатын

есік бар, ол есіктен тек ораза ұстағандар ғана кіре

алады»

7

, – деу арқылы ораза ұстаушылардың Жаннатта

арнайы құрметке бөленетінін сүйіншілеп жеткізген.

Ардақты елші

(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)

басқа да

хадистерінде:

«Ораза ұстаған жанның жегені адал болса,

ақиретте есепке тартылмайды»; «Рамазан айына

жететұрып,Аллаһтағаланыңрақымыменкешірімінен

мақұрым қалған адамның жағдайы қандай өкінішті»

–

деп, мұсылмандарды рақым нұры төгілген бұл айдың

берекетінен мақұрым қалмауға шақырған.

Сүйікті Пайғамбарымыздың тағы бір хадисінде

ораза ұстаған адамға ақиретте оразасының кешірім

тілеп шапағат ететіні жайлы:

الصِّيَامُ يَشْفَعُ لِلْعَبْدِ يَوْمَ الْقِيَامَةِ،

يَقُولُ: أَيْ رَبِّ مَنَعْتُهُ الطّعَامَ بِالنّهَارِ فَشَفِّعْنِي

«Ораза – ауыз бекіткен

жанға Қиямет күні шапағат етеді. Сол күні ораза Хақ

тағалаға «Уа, Раббым! Мен оны күндізгі барша ішіп-

жеуден тыйдым. Сол себепті оған дегеншапағатымды

қабыл ала гөр!»

– деп тілек тілейді

»

8

, – деп айтылған.

Оразаның пайдалары

Аллаһ тағала адам баласын жер бетінде халифа етіп

жаратып, сансыз нығметтеріне бөлеген. Оның бойын-

да бір-біріне түбегейлі қарама-қайшы періштелік және

6

Кәнзүл-уммәл, 3/328

7

Ибн Мажә, Сиям, 1

8

Әт-Тәрғиб, 2/84