Previous Page  21 / 168 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 21 / 168 Next Page
Page Background

21

Ораза

Пайғамбарымыздың

(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)

мынадай бір

хадисін кездестіреміз: «Діннен безген кезде дәжжал

(тажал) шығады». Басқа бір риуаятта Пайғамбарымыз

(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)

: «

Ол шығыста пайда болып, қырық

күн ішінде әлемді аралап шығады. Оның бір күні

сендердің бір жылдарың, басқа бір күні бір айларың,

одан басқа күні сендердің бір апталарың, ал одан басқа

күндері сендердің жай күндерің секілді

», – деген кезде,

сахабалар: – Ұзақтығы бір жылға тең ол күні бір күндік

намаз жете ме? – деп сұрайды. Сонда былай деген жа-

уап естілді: «

Жоқ, шамалап есептейсіңдер

»

1

.

Демек, хадис желісіне қарасақ, күндіз бен түннен

құралған айлар мен апталарды 24 сағаттық күндерге

бөліп, ғибадатты да соған байланысты атқарамыз.

Немесе сол тұрған жерге жақын мемлекеттің уақыт

мөлшерін басты негізге аламыз. Я болмаса полюстерді

мекендеуге мәжбүр адам өзінің ұйқысы мен тамақтанар

уақытын қалайша кәдімгі 24 сағат бойынша бөлетін

болса, ораза мен намаз ғибадаттарын да сол секілді 24

сағаттық уақыт кестесімен реттейді

2

.

Пайғамбарымыздың

(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)

оразаға мән беруі

Ақиқат немесе жалған болсын әр діннің өзіне

тән құлшылық жүйесі бар. Сол секілді соңғы ақиқат

діні Ислам да ұстанушыларына белгілі бір міндеттер

жүктеген. Ұлы Жаратқан құлдарына деген мейірімінің

белгісі ретінде Құран түсіріп, оны түсіндіруді ардақты

Пайғамбарымызға берген. Сүйікті елші оразаның мәні

1

Муслим, фитан, 110

2

С. Сених, Құлшылық құпиясы (Түрік тілінен ауд. Қ. Бағашар),

2-бас., Алматы, 2007 ж. 84-б.