31
Ораза
разылығын алумен салыстырғанда түкке тұрғысыз
екенін ораза тұтқанда сезінеді.
Таңның атысынан кештің батысына дейін нәр тат-
пай аш-сусыз жүрген адам уақытша қиналғанымен,
ақиретте
Жаратқанға
қауышып,
жаннаттың
нығметтеріне бөленгенде, оның өткен барлық
қиыншылықтары ұмытылады. Ол ардақты Елшінің
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
: ِ
لِلصَائِمِ فَرْحَتَانِ، فَرْحَةٌ عِنْدَ فِطْرِهِ، وَ فَرْحَةٌ عِنْدَ لِقَاءِ رَبِّه
«
Ораза ұстаушының екі қуанышты сәті бар: біреуі –
ауыз ашар, екіншісі – Аллаһ тағалаға қауышқан сәті
»
17
деген хадисін есіне алып, күні бойы нәпсісін тізгіндеп,
Жаратқанға қауышу сәтін армандайды. Осындай асқақ
сезім оны тура жолдан тайдырмай, күнә атаулыдан
алшақ тұтады.
ә) Ораза нығметтердің қадірін ұқтырады
Аллаһ тағала жер бетін жайнаған дастарқан етіп
жайып, жер бетіне жіберген халифасына ұсынған.
Күніге көктен мың бір рызығын төгіп, бірі таусыл-
са басқасын толассыз жіберуде. Қыс-жаз демей әр
маусымның өзіне тән жемістерін сыйға тартып, біздің
қажетсінетін дәрумендерімізді беруде. Жер мен көк
тегіс адам баласының қызметіне берілген. Алай-
да ол көбіне «теңізде жүрген балық судың қадірін
білмейдінің» кебін киіп, ғапылдыққа салынады. Міне,
бір уақыт аш қалу арқылы ол осы сансыз нығметтердің
қадірін ауызашар сәтінде тұла бойымен сезініп:
«Әлхамду лиллаһ», – дейді.
17
Сүнәну-кубра, Нәсаи, 2526