34
Ораза – теңдессіз құлшылық
مَثَلُ الْمُؤْمِنِينَ فِي تَوَادِّهِمْ وَ تَرَاحُمِهِمْ وَ تَعَاطُفِهِمْ، مَثَلُ الْجَسَدِ إِذَا اشْتَكٰى
مِنْهُ عُضْوٌ تَدَاعٰى لَهُ سَائِرُ الْجَسَدِ بِالسّهَرِ وَ الْحُمى
«Бір-бірлерінжақсыкөруде,жанашуда,мейіріммен
қарауда мұсылмандар бір ағза секілді»
21
делінгендей,
мұсылмандар арасында бірлік рухы күшейеді.
ә) Ораза кедейлердің жағдайын ұқтырады
Не ішем, не жеймін деп ойламайтын байлар ра-
мазан айында бір ай бойы күндізгі уақыттарда ораза
тұту арқылы аштықтың не екенін өз көздерімен көріп,
сезінеді. Осылайша аштықтың қандай қиын екенін
көріп, тұрмысы нашар кедей жандарға көмектесудің
қажет екенін түсінеді. Сондықтан мұсылман елдерінде
рамазан айы ерекше берекеге толы, жомарттық айы
ретінде айқын көрінеді. Дәулетті адамдар ауызашар-
лар беріп, қайыр-садақаны осы айда аямайды. Пітір
садақасы мен зекеттің де рамазан айында берілуінің
астарында осы сыр жатыр.
Рамазан оразасының үкімі
Рамазан айында ораза ұстау – парыз. Рамазан ораза-
сын мойындамаған мұсылман діннен шығады. Ал егер
оның парыз екендігін мойындап, бірақ жалқаулықпен
орындамаған болса, діннен шықпайды, бірақ күнәһар
саналады. Оразаның парыздығына Құран мен хади-
стерде нақты дәлелдер бар.
Құран кәрімде бұл жайлы: ُ
َ يَا أَيُهَا الَذِينَ آمَنُوا كُتِبَ عَلَيْكُم
الصِّيَامُ كَمَا كُتِبَ عَلَى الَذِينَ مِنْ قَبْلِكُمْ لَعَلَكُمْ تَتَقُون
«Әй, иман
келтіргендер! Тақуалыққа жетулерің үшін бұрынғы
21
Бұхари, Әдеб, 27; Мүслим, Бирр 66