40
Ораза – теңдессіз құлшылық
«Умму Фадыл, Құрайбты (р.а.) Шам қаласындағы
Мұғауияға жіберген болатын. Құрайб былай дейді:
Шам қаласына барып, Умму Фадылдың міндеттеген
жұмысын бітірдім. Шам қаласында жүргенімде жұма
күні кешкісін рамазан айы көрініп, жұртшылық оразаға
ниет етті. Ораза айының соңында Мәдина қаласына
келдім. Абдуллаһ ибн Аббас (р.а) Рамазан айын көру
жайлы сөз қозғай отырып, «Айдың туғанын қай уақытта
көрдіңіздер?» деп сұрады. Мен: «Жұма күні кеште
көрдік» деп жауап бердім. Абдуллаһ ибн Аббас (р.а.):
«Оны сен де көрдің бе?» деп сұрады. Мен: «Иә, мен
де көрдім, барлық адам көріп, ораза тұтуды бастады,
Мұғауия да ораза тұтты» дедім. Сонда Абдуллаһ ибн
Аббас (р.а): «Біз айдың туғанын сенбі күні көрдік. Отыз
күн толғанша немесе Шәууал айы туғанға дейін ораза
тұтамыз» деді. Мен: «Мұғауияның айды көруі, ораза
тұтуды бастауға жеткілікті емес пе?» дедім. Абдуллаһ
ибн Аббас (р.а): «Жоқ, Алла елшісі (с.а.с.) бізге осы-
лайша үйретті» деп жауап берді
25
.
Бұл хадисте Абдуллаһ ибн Аббастың (р.а.) «Шам
елінің халқы ораза айын көрумен шектелмеген және бір
елдің халқы айды көрсе, бұл ораза айды көрмеген екінші
бір елдің халқына қатысты емес екендігін білдіреді.
2. Ханафи мәзһабыжәне көпшілік фиқһ ғалымдары:
жер бетінің қай жерінде айдың туылғаны алғаш
байқалса, өзге елдер де ауыз бекітеді деген. Шығыс
елінде ай көрінсе, батыс елдеріндегі мұсылмандар да
айдың көрінгендігін естіп ораза тұтулары міндет бола-
ды. Сонымен қатар фиқһ ғұламаларының көпшілігі со-
нау замандардың өзінде бір жерде айдың көрінуі басқа
жерлер үшін де көрінгенмен тең деп санаған.
25
Муслим, Сиям, 28; Әбу Дауд, Сиям, 9.