Previous Page  42 / 168 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 42 / 168 Next Page
Page Background

42

Ораза – теңдессіз құлшылық

Рамазан айын анықтау тәсілі

Рамазан айын анықтау мәселесі – баяғыдан бері

ерекше назар аударылған әр түрлі пікірталастарға жол

ашқан мәселелердің бірі. Пікірталастардың негізі «айды

анықтауда көзбен көру шарт па, әлде астрономиялық

құрылғылар мен есептеулерге де жүгінуге бола ма?»

деген сұрақтарға қатысты.

Фиқһ ғалымдары бұл мәселеде екіге бөлінген:

Біріншісі: Айды көзбен көру

Жаңа туған айды көзбен көру шарт, өйткені

Пайғамбарымыз

(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)

:

صُومُوا لِرُؤْيَتِهِ وَ أَفْطِرُوا

لِرُؤْيَتِهِ

«

Рамазан айының туғанын көрген кезде, ора-

за ұстаңдар. Ал (рамазан айы бітіп, шәууәл) айын

көрген кезде айтты тойлаңдар

»

29

, – деген

30

. Олай

болса рамазан айының басталуы мен аяқталуы жаңа

туған айды көруге негізделіп тұр. Cондықтан рамазан

айының басталуы үшін жаңа айды көру шарт.

Айды көруде, куәгерлердің саны

Егер шағбан айының 29-ы күні аспан ашық болып,

бір топ адам жаңа туған рамазан айын көрсе, ертесіне

ораза басталады. Әбу Ханифаның көзқарасы бойынша,

екі әділ кісінің көруі жеткілікті.

Егер шағбан айының 29-ы күні ауа бұлтты немесе

тұманды болып, ай көрінбесе

31

, мұндай күмәнді күні

29

Бұхари, Саум, 5-11; Мүслим, Сиям, 3-4

30

Пайғамбарымыз (с.а.с.) кезеңінде тұтылған ораза айының

көпшілігі 29 күн болған.

31

Қамари жылсанақ бойынша айлар 29-30 күнмен шектелген.

Сондықтан бір ай 30-ға толса, бұдан кейінгі күн міндетті

түрде келесі айдың 1-і болып саналады. Мысалы: шағбан айы

30-ға толса, келесі күн Рамазан айының 1-і болып саналды.

Сондықтан шағбан айының 29-ында келесі айды іздеу керек.