44
Ораза – теңдессіз құлшылық
«
Айды (рамазан айын) көргенде ораза ұстаңдар
»
деген хадисте айды көру үшін жалаң көзбен қарау
міндеттелген екен деп, басқа тәсілдерді шектеу орын-
сыз. Ол сол кездің шарттарына қарай оңтайлы тәсіл бо-
лып табылған.
Бұған қоса, қамари айдың күн батқаннан кейін
көрінуі қамари күнтізбе бойынша өткен айдың
аяқталып, жаңа айдың туғанын білдіреді. Жаңа ай
туған кезде тым жіңішке болғандықтан әрі өте аз бір
уақыттан соң (15-20 минут) жоғалып кететіндіктен
жаңа туылған айды көру үшін аса мұқияттылық қажет.
Ауада сәл-пәл бұлыңғырлық болған кезде айды көру
тіпті қиынға соғады.
Ғибадаттарды өтеуде жеңілдік негізге алынады.
Исламдағы бүкіл ғибадаттардың ортақ ерекшеліктері
жеңіл, оңтайлы, түсінуге жеңіл болуында. Мыса-
лы, таң намазын оқығысы келген адам шығыс жаққа
жалаң көзбен қараса, күннің шығып-шықпағанын
анықтай алады. Ал бұдан ешқашан дамыған ғылымның
мәліметтерін қолдануға болмайды деген қорытынды
шықпаса керек
34
.
Қазіргі таңда астрономиялық есептеулердің
нәтижесінде намаз уақыттарын есептеп шығару мен
айдың қайсы уақытта басталатындығын анықтау
мүмкіндігі бар. Сондықтан бұл жеңілдікті қолдану,
заманымыздың талабы
35
.
34
Пайғамбарымыздың (с.а.с.): ُ
إِنّا أُمّةٌ أُمِّيّةٌ الَ نَكْتُبُ وَ الَ نَحْسُب
«Біз үмми
(оқ-жазу білмейтін) үмбетпіз, есеп-қисап пен оқу-сызуды
білмейміз...» – деген хадис сол кездегі адамдардың білімі
мен тәжірибелері, астрономиялық зерттеулер жасауға жете
алмағандығы үшін айтылған. Алайда мүлдем зерттеуге, есеп-
қисапқа мән бермеу керек деген мағына шығару дұрыс емес.
35
Ілмиһал, иман ве ибадет: дианет ішлер басканлығы: Анкара