48
Ораза – теңдессіз құлшылық
бастап, яки таң намазының уақыты кірмей тұрып
ниет етіп әрі нәзір немесе қарыз ораза екенін нақты
белгілеу керек. Қазасы өтелуі қажет мұндай оразалар
үшін бір уақыт нақты белгіленбегендіктен, міндеткер
өзі қалаған уақытында ұстай алады. Сондықтан қандай
ораза ұстайтындығын айқындап алу және таң сәріден
бұрын ниет етуі тиіс. Егер қарыз оразаға таң намазының
уақыты кіргеннен кейін ниет етілсе, оразаның қазасына
жатпайды, ол нәпілге саналады.
ә) Ниеттің түрлері
Рамазан айында ораза ұстауға жалпыниет ету қажет.
Мысалы, «ертең ораза ұстаймын» немесе «ертеңгі
күннің оразасын ұстауға» деп ниет етсе, ертесінде ра-
мазан болса, бұл ораза рамазан айының оразасына сана-
лады. Рамазан айында «ертең нәпіл ораза ұстауға ниет
еттім» десе де, ұстайтын оразасы нәпіл емес, уақыты
белгіленген рамазан оразаның орнына жүреді.
Рамазан айында басқа ораза ұсталмайтындықтан,
қандай оразаға ниет жасалса да, рамазан оразасының
орнына жүреді.
Фиқһ ғалымдарының көпшілігінің көзқарасы бо-
йынша, рамазанның әр күні үшін жеке-жеке ниет ету
шарт. Өйткені әр күннің өзі жеке басына бір ғибадат
болғандықтан басқа күндердегі ұсталған немесе
ұсталатын оразамен байланысы жоқ. Сондықтан бір
күнгі ораза бұзылса, ол басқа күндердегі оразаға әсер
етпейді.
Күн батпай тұрып, ертеңгі күннің оразасына ниет
етілмейді. Күн батқаннан кейін қандайда бір оразаға
ниет етілген жағдайда таң намазының уақыты кіргенге
дейін ішіп-жеу немесе жыныстық қатынас жасау ниет
пен оразаға зиян келтірмейді. Өйткені осылай ниет ет-
кен кісі, қандайда бір себеппен таң намазының уақыты