Previous Page  49 / 168 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 49 / 168 Next Page
Page Background

49

Ораза

кіргенге дейін ниетінен бас тартып, ораза тұтпауына

болады.

Ораза ұстап ұстамайтындығына күмәнданса немесе

ораза ұстауды белгілі бір жағдайға тәуелді етсе, мыса-

лы, «ертең біреу қонаққа шақырса ораза ұстамауға, ал

шақырмаса ұстауға ниет еттім» деу жарамсыз болып

табылады.

Сол секілді бір оразамен әрі кәффарат, әрі нәпіл

оразаға ниет етсе, оразасы кәффарат ниеті үшін жарам-

ды. Бірақ бір оразамен әрі қазаға, әрі ант кәффаратына

ниет етсе, екеуі де жарамсыз. Мұндай ораза нәпіл

оразаға айналады. Сондықтан ниет еткенде нақты

қайсы оразаны ұстайтындығын белгілеген дұрыс.

Сәресіге тұру да ниетке саналады. Сол секілді ра-

мазан айынан басқа уақытта ораза ұстау үшін сәреге

тұрса, бұл сәреге тұрғаны, оразаға ниет еткені болып

саналады.

Мойнында бір немесе бірнеше рамазан айының

ұстай алмаған оразалары бар кісі «қарызын өтеуім

қажет болған ең алғашқы парыз оразаға ниет еттім»

деуі дұрыс. Нақты белгілеместен «мойнымдағы қарыз

оразаны ұстауға ниет еттім» десе де оразасы жарамды.

2. Хайыз бен нифастан таза болу

Хайыз бен нифас күйіндегі әйелдерге ораза ұстау ха-

рам, әрі ұстаған оразалары жарамсыз болып табылады.

Ұстамаған күндерінің қазасын кейін өтейді. Қазасын

шәууәл айында өтесе, әрі қарызынан құтылады, әрі

шәууәл айының оразасының да сауабына қол жеткізеді.

Жүніп болу хайыз бен нифастан бөлек жағдай.

Жүніптік ораза ұстауға кедергі емес. Десе де мейлінше

ерте ғұсыл алып тазарған абзал.