54
Ораза – теңдессіз құлшылық
мұсылмандық тәрбиемен сусындап өскен жандардың
мұндай келеңсіздікке жан ауыртары да белгілі. Өйткені
олар
«Өзі тоқ жатып, көршісі аш ұйықтаған адам
бізден емес»
деген хадисті үнемі қаперде ұстайды.
5. Таң намазы кірмей тұрып жүніптік, хайыз бен
нифастан тазарыну. Бұл жердегі мақсат – оразаға
таза күйде бастау. Оның екінші себебі аузы берік кез-
де жуынған жағдайда ауызға су кетіп қалып, ораза
бұзылуы мүмкін. Әйел адамның түнде хайыз бен ни-
фас қаны тоқтап, жуынбастан ертеңгі күннің оразасына
ниет етіп ораза ұстауға бастаса, оразасы жарамды. Сол
секілді жүніп болған кісі жуынбай тұрып ораза ұстаса,
ораза жарамды. Бірақ ораза бастамастан бұрын жуы-
нып, тазарыну мұстахап болып табылады.
6. Тіл мен басқа ағзаларды күнәдан сақтау.
Өсек-аяң, өтірік, ғайбат сөздерді айтпау. Негізінен
жайшылық кездердің өзінде мұсылман кісі мұндай
жағымсыз істерден бойын аулақ ұстауы қажет. Ардақты
Пайғамбарымыз
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
:
ُ مَنْ لَمْ يَدَعْ قَوْلَ الزّورِ وَ الْعَمَلَ بِهِ فَلَيْسَ للِِّ حَاجَةٌ في أَنْ يَدَعَ طَعَامَهُ وَ
شَرَابَه
«
Өтірік айту мен жұртты алдауын қоймаған
адамның ішіп-жеуді доғаруына Аллаһзәру емес
»
47
, –
дейді. Басқа бір хадисінде:
َ رُبّ صَائِمٍ لَيْسَ لَهُ مِنْ صِيَامِهِ إِلاّ الْجُوعَ وَ الْعَطَشَ، وَ رُبّ قَائِمٍ لَيْسَ لَهُ
مِنْ قِيَامِهِ إِلاّ الْسَهَر
47
Бұл хадисті Бұхари, Әбу Дәуіт, Тирмизи, Ибн Мажә Әбу
Хұрайрадан риуаят еткен.